ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ДИҚАНДАР ЖЕРДІҢ ГЕКТАРЫНА ЕМЕС, ШЫҒЫНДАҒАН СУҒА ҒАНА АҚЫ ТӨЛЕЙЕДІ

20:34, 24 мамыр 2022

Суға субсидия. Енді тіршілік нәрін үнемедеген шаруаларға мемлекет қолдау көрсетеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Егістіктерді сумен қамтамасыз ету үшін оңтүстік аймақтарда ірі инвестициялық жобалар да жүзеге асырылады. Дарын Сағитов тарқатады.

Судың да сұрауы бар. Сондықтан енді тіршілік нәрін үндемеуге басымдық беріледі. Егер шаруа заманауи суару жүйесін сатып алып, ол үшін инфрақұрылым тартса, кеткен шығындардың тең жартысын субсидиялау көзделіп отыр. Биылдың өзінде аймақтарда 268 жоба жүзеге асады. Судың құны да субсидияланады.

 ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

-  «Су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау жүзеге асырылып жатыр. Онда судың бір текше метріне бөлінетін субсидия мөлшері тарифтерден пайыздық қатынаста 50%-дан 80%-ға дейін арзандатылатын болады». 

Қазір Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы облыстары су үнемдеу технологияларын қолдану бойынша көш бастап тұр. Тағы бір жаңалық – енді диқандар суармалы жердің гектарына емес, шығындаған суға ғана ақы төлейеді. Үкімет басшысы осындай тапсырма берді. Егіс суының тарифі қайта қаралуы да мүмкін. Өкінішке орай, қазір тіршілік нәрінің небәрі 60 пайызы ғана егіс алқаптарына жетіп отыр.

 ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

«Қалған бөлігі инфрақұрылымның нашарлығынан далаға кетеді. Сондықтан каналдар мен су қоймаларын жөндеп, су ресурстарын басқаруды автоматтандыру қажет. Әкімдіктер бұл мәселені бақылауында ұстап, су шаруашылығы обьектілерін цифрландыру және автоматтандыру жөніндегі жол карталарын уақтылы іске асыруға тиіс». 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

5 МЫҢ ШАҚЫРЫМ КАНАЛ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Суды көп қажет ететін дақылдарды әртараптандыру бағытында биыл күріш алқабы шамамен 9 мың гектарға азайюы мүмкін. Бірақ мақта алаңы керісінше 9 мың гектарға кеңейіп отыр. Экология  министрі биыл Шардара су қоймасына келетін су көлемі 2 жарым есе ұлғаяды деп сендірді. Бұған былтыр күзде қолға алынған шаралар мен қолайлы климаттық жағдай мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, оңтүстіктегі суару каналдарын жаңарту бойынша 3 инвестицялық жоба іске асады.

 СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

- «Осы жұмыстардың арақсында  жыл сайын 250 млн текше метр су үнемделетін болады. «5 мың км каналдарды қайта жаңарту жоспарланған. Бүгінгі күні 2,9 мың км немесе 57 пайыз канал қалпына келтірілді. 

ГАЗБЕН ҚАМТУ

 11 МЛН АДАМ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Отырыста елді газдандыру жұмыстары да пысықталды. Энергетика министрінің мәліметінше, өткен жылы 11 млн адам көгілдір отынға қол жеткізген. Биыл тағы 93 елді мекенді газбен қамтып, газдандыру деңгейін 58 пайыздан асыру көзделген. Елдің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бойынша екі жол бар. Оның бірі - Ресейден газ тарту.

 ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР:

- «Екіншісі «Сарыарқа» магистарлды газ құбыры арқылы. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан кешіктіруге болмайды. Энергетика министрлігіне тиісті әкімдіктермен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп 1-қыркүйекке дейін аталған нұсқаларға кешенді бағалау жүргізіп, келісілген шешімді енгізуді тапсырамын». 

Елімізде соңғы 5 жылда газ тұтыну 35 пайызға өскен. Биыл көгілдір отынды тұтыну көлемі 20 млрд текше метрге жетеді деп болжанып отыр. Газдандырылған елді-мекендердің саны 1700-ден асты. Бұған қоса, өткен жылы 3 600-ден астам өнеркәсіп нысаны көгілдір отынға көшкен. Үкімет басшысы ресурстық базаны кеңейту мен геологиялық барлау жұмыстарын ширатуды тапсырды. 

Газ тұтыну – 35%

2022 жыл – 20 млрд м3

Елдімекен – 1 700

Өнеркәсіп – 3 600

ДАРЫН САҒИТОВ, ТІЛШІ:

- «Жиында елорданы газбен қамту жұмыстары да баяндалды. Бас қалада көгілдір отынды тарату желілерін салу жобасы қатар әзірленіп жатыр. Осыған дейін 14 мыңнан астам абонент газға қол жеткізсе, биыл 100 мыңға жуық адамның үйіне газ келеді. Бұл бағытқа 23 млрд теңге бөлінген».

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...