Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерді дін өкілдері де құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Олар «Солнечный дом» қоғамдық бірлестігі мен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл күй сыйлады.
«Қызылжар» қалалық мешітінің өкілдері балғындардың ата-аналарының сұрауы бойынша кеңсе тауарларын әкелген. Сыйлыққа қуанған балалар өз алғыстарын өлеңмен де білдірді.
ӘСИЯ ХАМИТОВА:
- Мен бүгін ойнадым, биледім.
КАРИНА ХАЙРУТДИНОВА:
- Маған бәрі ұнады. Біздер бүгін сахнаға шығып, өнерімізді көрсеттік. Сыйлықтар алдық. Мереке көңілімнен шықты.
Мерекеде бүлдіршіндерді қуантқан дін өкілдері мұндай қайырымдылық шараларды үнемі ұйымдастырып тұрады екен. Жалпы мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек көп.
ҚАСЫМХАН ИСАЕВ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:
- Біз үнемі көмектесіп тұрамыз. Рамазан, Құрбан айт кездерінде де арнайы дастархан жайып шақырамыз. «Мектепке жол» акциясы кезінде де қолдау білдіреміз. Бізде мешітте «Зекет» және қайырымдылық қорлары бар. осындай шаралар аудандарда да жүргізілуде.
Ал Петропавл және Булаев епархиясының өкілдері Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының балғындарын қуантты. Олар бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар әкелген.
ЖҰЛДЫЗ ОМАРОВА:
- Мен барлық балаларды құттықтаймын. Зор денсаулық, ашық аспан тілеймін.
СОФИЯ НОВОЛЁТОВА:
- Осы күндері көптеген іс шараларға қатыстық. Бізге көңіл күй сыйлаған әр жанға алғысымыз шексіз.
Дін өкілдері көпбалалы отбасыларға да барып, тарту таралғы жасады.