ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ДІНИ КОНФЕССИЯ ӨКІЛДЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

20:38, 30 сәуір 2021

Тұңғыш Президент саябағында символикалық мәні бар акция өтті. Барлық діни конфессия өкілдері жаңа өмірдің бастауы ретінде ағаш отырғызды. Акцияның мақсаты – 1  мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай,  қоғам назарын қаланың тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару.

Көшет отырғызу акциясы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды. Бұл іс шара  республикадағы конфессияаралық келісімнің көрінісі,-дейді ұйымдастырушылар. Игі іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов те қатысып, тал екті.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  «Алдымызда үлкен мереке, халқымыздың бірлігі күні. Осы мерекенің алдында біздің діни басқармалардың, діни орталықтардың 23 басшылары жиналып, аллеяда ғаштар егіп жатыр. Бұл науқанның символикалық мағынасы өте зор. Біздің мемлекетіміз, облысымыз көп ұлтты, конфессиялық. Сол себепті біз баршамыз татулықта өмір сүруіміз өте маңызды.»

Қазақстан Республикасы достығы жарасқан, көпке үлгі болып отырған  мемлекет. Мұнда түрі, діні бөлек болса да, тілегі бір азамттар тұрады.  

КЕНЖЕТАЙ ДҮЙСЕНБАЙ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

«Ынтымақпен бірліктің күні болған ертеңгі 1-ші мамыр мерекесімен баршаларыңызды құттықтаймыз. Ынтымақ пен бірлік Қазақстан мемлекетінің Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекесіне тұспа-тұс биыл келіп отыр. Алла тағала Құран Кәрімде: «-Ей, адамзат баласы бір әке, бір шешеден жараттық және ұлттар мен ұлыстарға бөлдік»,- дейді. Мінекей, осының аясында Қазақстан мемлекетінде қаншама ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп жатырмыз бірге. Соның көрінісі ретінде бүгін 30 түп ағаш отырғызуға келдік.»

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам этнос өкіл тұрады. Өңірде 11 конфессия бар. Акция аясында конфессия аллеясында 30 қайың көшеті отырғызылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...