Солтүстік Қазақстан – еліміздің көп ұлтты және көп конфессиялы өңірлерінің бірі. Аймағымызда 136 діни, соның ішінде 64 исламдық бағытты ұстанған бірлестік бар. Бүгінде олар қоғамдық тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып келеді.
Өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлының айтуына қарағанда, діни ахуалдың тұрақтылығы –татулықтың және бейбітшіліктің кепілі. Ал ислам – татулық пен бірлікті бұйырады.
ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:
- «Еліміздің барша мұсылман қауымның Әбу Ханифа мәзхабына еруінің өзі біздің бір тұтастығының көрінісі. Сол секілді мешітке келіп, бір имамның артына тұрып, намаз оқып, бір имамның уағызын тыңдаудың өзі біздің еліміздің бір тұтастығымыздың көрінісі. Қандай да бір пәтуамызді қандай да бір діни мәселемізді діни басқарманың шығарған пәтуаларына, діни басқарманың шығарған қаулыларына сүйеніп, соған бағыт-бағдар алудың өзі ол біздің мынау тұтастығымыздың көріністері.»