ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕГІС НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

20:36, 2 маусым 2020

Өңірде егіс науқаны аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда 3,8 млн гектарға егін егілді. Бұл облыс алқаптарының 94 процентін құрайды.

Атап айтсақ 2,7 млн гектарға дәнді, 884 мың га майлы дақыл, 6 мың гектарға көкөніс, 33 мыңына картоп егілді. Қазіргі таңда Ақжар ауданының диқандары мен «Атамекен Агро-Есіл» ЖШС, «Атамекен Агро-Корнеевка», «Шатило и К», «Астық Новоишимское» сынды серіктестіктер дала жұмысын аяқтады.

НАРГИЗ АҚЖІГІТОВА, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Бүгінгі күні егіс науқанына жалпы 30 мыңнан артық техника жұмылдырылды. Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер жанар жағармаймен толықтай қамтамасыз етілді. Тұқыммен де толық қамтамасыз етілді.

Бүгінде 3 мың гектардан астам жерге қарақұмық егілді, жоспар бойынша 5 мың гектарға егілуі тиіс. Сондай-ақ соя алқаптары ұлғайтылып, 900 500 (тоғыз жүз мың бес жүз) гектарды құрады. Айта кету керек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазАгро» АҚ серіктестіктерден өтінім қабылдап,  қазіргі таңда 286мың агроқұрылым қаржыландырылды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
17:16, 10 шілде 2020
БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...