ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ ҚОЛДАНЫСТА

20:39, 22 қыркүйек 2021

Мамандандырылған әкімшілік ауданаралық сот өзінің жұмысын 2021-ші жылдың 1 шілдесінен бастады. Осы уақыт аралығында сотқа 165 талап арыз түскен. Әкімшілік соттар ашылғанға дейін азаматтардың мемлекеттік органдарға қарсы талап арыздарының 30 пайызы ғана сотта қанағаттандырылатын, алайда жаңа кодекс күшіне енгенен бастап бұл жағдай өзгерді дейді мамандар.

Мемлекеттік органдарға қарсы талап арыздардың 72 пайыздан астамы қанағаттандырылған. Өйткені кодекстің мәні бойынша егер азамат әкімшілік органдарға қарсы сотқа талап арыз берсе, бұл ол кінәлі дегенді білдіреді. Мемлекеттік орган сотта өз әрекеттерінің заңды екенін дәлелдеуі қажет. Мәселен, түскен 165 талап арыздың 45-і  қайтарылып, 28-і бойынша тараптар татуласқан. Жалпы 29 шешім шығарылды, оның ішінде 21 талап қанағаттандырылды, 8 талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім шығарылды. 3 әкімшілік іс бойынша мемлекеттік органдарға заң бұзушылық үшін жеке ұйғарымдар шығаралды. 

БЕРДІБЕК МҰСТАФИН, СҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Мысалы, қаралған шешімдердің 8-і бойынша әкімшілік органдардың шешімдері мен әрекеттері заңды деп танылды, ал жеке тұлғалардың талап арыздары қанағаттандырусыз қалдырылды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бойынша азаматтар сотқа 4 түрлі арыз бере алады, оларға дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы, әрекет жасау туралы, құқықты тану туралы.  Сотқа түскен талап арыздардың басым көпшілігі дау айту туралы, одан кейін мәжбүрлеу туралы, содан соң әрекет жасау туралы, ал құқықты тану туралы талаптар әлі де түскен жоқ. Дау айту туралы талап арыздардың 52-і сот орындаушыларының әркеттерін, қаулыларын заңсыз деп тану туралы.    

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...