Жаппай тәртіпсіздік барысында бар ауыртпалықты күш құрылымдары өз мойындарына алды. Лаңкестермен қақтығыстар кезінде оннан астам погон таққан азаматтар қаза тапты, жүздеген адам зардап шекті. Материалдық шығын әлі күнге есептеліп жатыр. Өңір тұрғыны, кәсіпкер Наталья Хроменко бұл оқиғадан біз сабақ алуымыз керек деген пікірде.
30 жылда орнаған бейбітшілік пен келісім бір күнде жойыла жаздады. Алайда, республика Президентінің жедел іс-әрекетінің арқасында, жағдай бақылауға алынды. Интернет уақытша тоқтатылды. Бұл шара, лаңкестердің насихаттарын тоқтату мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылды. Қоғам белсенділері, ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері барша қазақстандықтарды осы қиын-қыстау уақытта сабырлық танытып, ел тұтастығын сақтап қалуда бірігуге шақырады.
НАТАЛЬЯ ХРОМЕНКО, СҚО ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ :
- Біздің Петропавл тұрғындарына ризамын. Біз өзіміздің сабырлылығымызды, ел Президентіне деген сенімімізді дәлелдедік. Алдағы уақытта да осы қасиетімізден арылмай, бірлігімізді көрсетейік. Арам пиғылды топтардың арбауына түспеуді сұраймын.
Наталья Хроменко туристік салада еңбек етеді. Оның айтуынша, елде ұшақтардың ұшуы тоқтатылғандықтан, кей тұрғындар елге орала алмай жүр.
НАТАЛЬЯ ХРОМЕНКО, СҚО ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ :
- Өзім туристік агенттіктің директоры болғандықтан, бұл саладағы мәселелерді жақсы білемін. Жаппай тәртіпсіздіктерден бизнестің бұл түрі де зардап шекті. Жаңа жылдық мереке күндері шетелге демалысқа кеткендердің кейбірі үйлеріне орала алмай жатыр. Бұл күндер көп ұзамай артта қалып, тыныш қалыпты өмірімізге оралатынымызға сенімдімін.
Билік өкілі қазіргі кей шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрайды.