Өңірде 8 әлеуметтік орталық бар. Онда 1617 қызмет алушы тұрады. Қараша айының 6 мен 16 аралығында арнайы мониторингтік топ құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында 2 бірдей нысанның жұмысын тексерді.
Естеріңізге сала кетсек сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 4 бала көз жұмды. Ал, Түркістан облысында орналасқан орталықтардың бірінде қызмет алушылар мен қызметкерлердің құқықтарының бұзылҒАНЫ анықталды. Осы ретте бірнеше өкілетті орган арнайы мониторингтік топ құрды. Мамандар мекемелерге барып ол жерде ем алып жатқан балалар мен қариялардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, нысанның жұмысынА бақылады. Біздің өңірде Петропавлдағы «балалардың әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» және «Арман» орталығы тексерілді. Нәтижесінде еш олқылық анықталмаған.
МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Мониторингтік тобымен жалпы қызметтік бөлмелер, азық-түлік, киімдер, қажетті заттарды сақтайтын қоймалар қаралды. Орталықтар санитарлық нормалдарға сәйкес, бөлмелер ішінде жүріп-тұруына ыңғайлы арнайы қондырғылар орнатылған, қажетті жихаздармен және техникамен жабдықталған. Бөлмелер таза.Балалар жасы, жынысы денсаулық жағдайы және психологиялық сәйкестігі есепке алынып орналастырылған.