ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ЕЛГЕ СЫЙЛЫ ӘКІМ

20:39, 9 маусым 2021

Дәрігерлер, тәртіп сақшылар, құтқарушылар. Бұл жандармен қатар ел игілігі үшін еңбектеніп жүрген азаматтардың бірі – ауыл әкімдері. Қазіргі таңда біздің өңірде 163 адам осы салада тынбай жұмыс істеп келеді. Солардың қатарында, Лесное ауылдық округінің басшысы Қайрат Бабақов та бар.  Мемлекеттік қызметші бұл лауазымда 10 жылдан бері еңбек етіп келеді. Арна тілшілері әкіммен кездесіп, болашаққа қойған жоспарларымен танысты.

Қайрат Ахметұлы Аққайың ауданының тумасы. Мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімі. 17 жыл білім саласында жұмыс істегенімен, 2005-ші жылдан бері мемлекеттік қызметте жүр. Аудандық бөлімдерде бас маман, бөлім басшысы болып еңбек етті. Осыдан 11 жыл бұрын Лесное ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды. Осы уақыт аралығында Қайрат Бабақов парасатты әрі адал азамат ретінде танылды.

ҚАЙРАТ БАБАҚОВ, ЛЕСНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Негізі әкімнің міндеті халықтың игілігі үшін де мемлекеттің игілігі үшін де екі мүддені де қатар ұстауы керек. Өйткені халықтың жағдайын жасап отыру керек. Халықтың нарызылығы туса әкімнің жұмысы зая болды деген сөз.

Қазіргі таңда Лесное ауылдық округінде 1 мың 300ге жуық адам тұрады. Барлығы да жұмыспен қамтылған. 5 жыл бұрын «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының аясында әр үйге таза су тартылды. Биыл ауыл ішілік жолдарды жөндеу үшін 127 млн теңге қаржы бөлінген. Бұдан бөлек Лесное ауылында сүт өнімдерін әзірлейтін «Ростан» серіктестігі, «Зенченко» сүтті-тауарлы фермасы, Дайындық ауылында «Дайындық Агро» секілді ірі кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр.

ҚАЙРАТ БАБАҚОВ - ЛЕСНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Осы жылдар аралығында Лесное, Дайындық ауылдары адам танымастай өзгерді. Бұрындары бұл жақтан кеткен адамдар көп болса, қазір керісінше жұмыс бар болғасын қайта оралып, тіпті өзге өңірлерден көшіп келгендер көп. Олар үшін біз барлық жағдайды жасап жатырмыз. Баспанамен қамтамасыз етеміз. Жалпы, 2017-ші жылдан бері ауылдық округтің халқының саны екі есе көбейді. Бұл жақсы нәтиже.

11 жыл ішінде Лесное ауылдық округінде  жарықтандыру мәселесі шешіліп, білім және мәдениет ошақтарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл және мал шаруашылығы дамыды. Тұрғындардың сөзінше бұл еңбекққор басшының арқасы.

- Қайрат Ахметұлы  жақсы кісі, халыққа көп көмек тесіп жатыр. Халықпен сөйлесіп, тілдеседі. Кішіпейіл. Тәрбиелі. Кімде жұмыс жоқ соларды жұмысқа орналастырады. Өте сыйлы азамат.

- Қандай сұрақпен барсақ соны шешуге тырысады. Мини футбол салды, освещение, су бар әр үйде.

 Қайрат Ахметұлы тәжірибелі әрі білікті маман. Әкімдіктегі жұмыстан тыс уақытта ол спортпен шұғылданып, көркем әдебиет оқығанды жақсы көреді. Әкімнің сөзінше әлі тыңдырар іс көп. Ол үшін еңбек ету керек. Жалпы, қазіргі таңда біздің облыста 163 адам ауылдарда әкім болып жұмыс істейді. Олардың орташа жасы 46-да. Ал, 50-ден асқандардың саны 76 адам.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
17:20, 11 маусым 2021
2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...