ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ЕЛІКТЕРДІҢ ӨЛУІНЕ НЕ СЕБЕП?

17:20, 8 сәуір 2021

«Облыста еліктер аштан қырылып жатыр» деген бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды. Бұл жағдай өңір тұрғындарының наразылығын тудырып, жауапты органдардан мәселені шешуді талап еткен  болатын. Еліктердің өлуіне не себеп? Бұл жайында орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының өкілдері түсінік берді. Тақырыпты әріптесіп жалғастырсын.

Бұл бейнежазба Петропавл – Көкшетау республикалық маңызы бар тас жолдың бойында түсірілген. Видео авторы «Еліктер қорек таба алмай, орындарынан тұруға да шамасы жоқ» дейді. Шынымен де, биыл толасыз жауған қалың қар аңдардың жағдайын қиындатып жіберді.  

ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Өңірде еліктердің өлгенін жоққа шығармаймыз. Алайда, оларды жаппай қырылып жатыр деуге болмайды. Өкінішке орай әдетте қыс мезгілінің соңы мен көктемнің басында болатын жағдай. Биыл осы аралықта 10 факті тіркелді, әрбір жағдай бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Маманның айтуынша, еліктер қорек іздеп жолға шығып кетіп жатады. Салдарынан көлік астына түседі екен.

ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

- Еліктер жабайы иттерге де жем болып жатады. Жем шөп іздеп автожолға шығып көлік астына түсетіндердің ішінде еліктер ғана емес, түлкі, қояндар да жиі кездеседі.   

Өткен жылғы санақ бойынша облыста 18 мыңнан аса елік бар. Ал биыл тұяқтылардың саны сәуір айының соңында белгілі болмақ.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
13:01, 19 сәуір 2021
АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...
ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...