ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

17:21, 24 қаңтар 2022

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айық есепік көрсеткіш мөлешірі 5 пайызға артты. Осылайша, еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы мөлшері көбейді. Ең төменгі еңбекақы енді 60 мың тг, ал бір айлық есептік көрсеткіш 3063 тг жетті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап бірқатар заңдағы өзгеріс күшіне енді. Солардың бірі - «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы. Бұл заңға сәйкес, енді 1 айлық есептік көрсеткіш 3063 тг. Ең төменгі күнкөріс деңгейі де шамамен 2 мың теңгеге артып, 36 018 тг құрады.

ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Минималды зейнетақы мөлшері 46 302 тг, ал төменгі базалық зейнетақы мөлшері 19 460 тг. Ал, ең төменгі жалақы көлемі 60 мың тг. Сондай-ақ, ынтымақты зейнетақы мөлшері 7 пайызға индексацияланды.

Сонадай-ақ, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылу бойынша, мүгедек баланы бағып отырған ата-аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері 5 пайызға артты. Мәселен, өткен жылы 1 топ мүгедектігі бойынша жәрдемақы 65 860 тг болса, биыл 69 155 тг құрады.

 ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Зейнетақы және жәрдемақы алушылар саны 135 мыңнан асады. Соның ішінде зейнеткерлер саны 102 мыңға жуық, мүгедектер бойынша жәрдемақы  33 мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері 17 мыңнан асады.

1,2 және 3 бала туған кезінде төленетін біржолғы жәрдемақы өткен жылы 110 мың тг болса, биыл 38 АЕК, яғни 116 мың тг асады. Ал 4 және одан көп бала туғанда 193 мыңға жуық ақша төленбек. Былтыр облыс бойынша әлеуметтік төлемдерге ай сайынғы қаржыландыру 12 млрд астам теңгені құраған, биыл ол сома 13 млрд астам теңгеге жетті.

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...