ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР

17:15, 24 қыркүйек 2020

Облыс орталығында «Еңбегі жанған арулар» атты жұмыскер әйелдер форумы өтті. Жиында аймақ экономикасын дамытуға үлес қосып жүрген табысты қыз-келіншектер бас қосты. Шараның басты мақсаты  - әйелдердің кәсіпкерлігін дәріптеу. Сонымен қатар, бұл күні өңірдің қоғамдық өміріне белсене қатысып, өз ісін сәтті дөңгелетіп жүрген 16 қыз-келіншек түрлі марапатқа ие болды.

Өз ісін ашып, кәсіптен нәсіп тауып жатқан арулардың саны жылдан-жылға артып келеді. Бүгінгі шараның мақсаты осындай қыз-келіншектерді  бизнес ашуды ниет еткендерге таныстырып, тәжірибелерін үлгі ету. Қазіргі таңда біздің облыста 30 мыңнан аса орта және шағын бизнес субьектісі бар, соның үштен біріне әйелдер басшылық етеді.

ҒАНИ НЫҒМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қай қоғамда да әйелдің арқалаған жүгі жеңіл емес. Бұл тұрғыда әйелдер іскерлігін, ханымдарды кәсіпкерлікке бейімдеудің жөні бөлек екені рас.Заманауи әйел отбасымен қызметті қатар алып жүрген тұлға.

Облыстық форумда бас қосқан 35 әйел  әр салада еңбек етіп келеді. Солардың бірі - Диляра Жұмағұлова. Ол бірнеше жыл студенттерге дәріс оқыған. Өз кәсібің 2004 жылы бастаған келіншек балаларға арналған коворкинг , яғни білім беру орталығын, сұлулық салонын ашып тіпті балалар футбол клубының құрылтайшысы болған. Дилярының басты байлығы 2 баласы, сол себепті кәсібі де олардың дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған. Отбасынан шабыт алатын жеке кәсіпкер, болашақта өзге де салаларда өз бағын сынап көрмек. Солардың бірі медиа. Ол өзінің фэйсбук парақшасында түрлі пайдалы кеңестермен бөлісіп, блог жүргізеді.

ДИЛЯРА ЖҰМАҒҰЛОВА,  ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Кәсіпкерлікпен айналысуға мені отбасым шабыттандырды. Әйел адам өмір сыйлаушы болғандықтан тек қазан-ошақтың жанында отырып қана қоймай, рухани тұрғыдан да дамуы тиіс деп ойлаймын. Қазіргі таңда өз-өзінді күтуге, бала-шағанды тәрбиелеуге, сүйікті жар болуға тіпті өз бизнесін ашып табысты болу үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан құрбыларыма еш нәрсеге қарамастан армандарыңнан бас тартпаңдар дегім келеді. Ең бастысы өздеріңізге сеніңіздер.

Людмила Емельянова Ғабит Мүсірепов ауданының Рузаевка елдімекенінің тұрғыны. Мәдениет үйінің меңгерушісі болып жұмыс істейтін келіншектің 3 жылыжайы бар. Болашақта кәсібін үлкейтіп, гүлдер мен көкөністерді саудаға шығаруды жоспарлап отыр.

ЛЮДМИЛА ЕМЕЛЬЯНОВА, РУЗАЕВКА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Мәдениет саласында еңбектенгендіктен түрлі ұжымдарды халықаралық, ресубликалық және облыстық деңгейде өтетін байқауларға дайындап, бірге еріп барамыз. Жалпы бүгінгі жиын барысында мен көптеген ақылды әрі сұлу сонымен қатар іскер әйелдермен танысып, достастым. Осының арқасында өзім де өмірімді өзгерту үшін шабыт алдым. Бүгінгі таңда кез-келген шараның басында арулар жүреді.

Бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып жүрген шарада өңірдің әр түкпірінен жиналған бизнес-вумендер өзара тәжірибе алмасып, пайдалы ақыл-кеңестермен бөліседі.

БАҚЫТЖАН СӘМИЕВА, СҚО ӘЙЕЛДЕР КҮШІ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

- Былтыр республикалық форумда еліміздің әр өңірінен келген 500-ге жуық табысты қыз-келіншек бас қосқан едік. Алайда, биыл пандемияға байланысты шарамыз шағын өтті. Қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген әйелдер өте көп. Сол кісілердің еңбегін айтып, оларға алғыс білдіріп осылайша рух беру біздің басты мақсатымыз. Еліміз үшін осы қиын кезде іскер әйелдер дәрігерлер мен қарапайым халыққа көмек көрсетуді ұмытқан жоқ. Бұл келіншектеріміздің кез-келген салада табысқа жете алатынының тағы бір дәлелі.

Шара барысында әйелдер облыс әкімінің атынан алғыс хаттармен және төс белгілермен марапатталды.

Жыл басынан «Бастау» бағдарламасы бойынша 421 әйел  курстан өтіп, кәсіп жүргізудің қыр-сырын үйренген.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ДА КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ  ЖОЛ ҚОРШАУЫН СОҚТЫ
17:25, 27 қазан 2020
СҚО-ДА КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖОЛ ҚОРШАУЫН СОҚТЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА БИЫЛ 31 ҮЙЕЛМЕН ҚОНЫС АУДАРДЫ
13:04, 27 қазан 2020
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА БИЫЛ 31 ҮЙЕЛМЕН ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...