ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

20:46, 17 қаңтар 2022

Ұлы Отан соғысы жылдары 92 мыңнан астам солтүстікқазақстандық әскерге шақыртылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, солардың 45 мыңнан астамы қайтып елге оралмады, араларында хабар-ошарсыз кеткендері де бар. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Анатолий Плешаковтың қолында Чехословакия жерінде жерленген солтүстікқазақстандық жауынгерлердің тізімі бар. Ғалым бұл құнды ақпаратпен бөлісуге дайын. Тілшіміз Әміре Ақбатайдың бейнематериалына назар аударайық.

Ұлы Отан соғысындағы жеңіс - батыр бабаларымыздың ерліктерінің нәтижесі. Бірақ жауынгерлердің көпшілігі ұрыс даласында мерт болып, хабарсыз кетті. Олардың кейбірінің жерленген жері іздеу отрядтарының тынымсыз жұмысы нәтижесінде анықталып жатыр.Жақында Петропавл тұрғынына Чехиядағы танысы өз елінде жерленген қазақстандық майдангерлердің тізімін беріп жіберген екен. Ал ол өз кезегінде құнды құжатты тарихшы-ғалым, СҚУ профессоры Анатолий Плешаковқа тапсырды.

АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ:

- Бұл жалпы Қазақстан бойынша шамамен 400-500 адам. Тек менің тізімімдегілер ғана. Чехия да тағыда іздестіріліп жатыр. Бұл сл елде жерленгендердің тізімі және бізде олар хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Немесе туыстары олардың қайтыс болғанын білді , бірақ қайда жерленгенінен бейхабар болды.

Майдангерлердің тізімін облыстық газеттерде жариялау жоспарланған.  Марина Могунованың  фамилиясы тұрмыс құрғанға дейін Атькова болған екен. Оның туысы да соғыста опат болғандардың тізімінен табылды.

МАРИНА МОГУНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Тізімде Атьков деген адам бар. Ол маған алыс туыс болып шықты. Естеліктер арқылы бұл адамның біздің отбасымызға қатысы бар екендігі анықталды. Тегі – Атьков еді. Табылған суреттеріне қарасам інілеріме ұқсайды екен.

Қай кезеңде болмасың киелі Қызылжар өңірі батырларға бай болған. Сол себептіде жауынгерлердің жерленген жерін табу тек Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен ғана шектеліп жатқан жоқ. Зерттеу жұмыстары кезінде жоңғар шапқыншылығы кезінде ел қорғаған Мықтыбай , Сүйіндік, Жаңатай Жәнкейұлы сынды теріскейлік батырлардың да жерленген жерлері табылды. Академик Жанбатыр Нұртайұлы қазақ тарихындағы бұл батырлардың есімі қазір ұлықталмаса ертең ұмыт болады деген пікірде.

 ЖАНБАТЫР НҰРТАЙҰЛЫ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ , ПРОФЕССОР:

Зерттеушілердің мұнымен тоқталып қалар ойлары жоқ. Алда ел үшін жаның пида еткен ерлердің өмірбаяны жазылған кітап басып шығару мақсаты тұр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:35, 30 маусым 2022
ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...