ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ӘР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУІ ТИІС

20:36, 19 қаңтар 2022

Петропавлда облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Бұл жолғы іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған мәлімдемесі талқыға түсті. Президент жариялаған реформалардың басты міндеті – әр қазақстандықтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау. 

Өткен аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті проблемаларды шешу үшін нақты міндеттер жүктеді. Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдаған мәлімдемесін талқылау мақсатында жиналған облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері өкілдері президент бастамаларына зор қолдау білдірді.

РАШИД НӘДІРОВ, СҚО ҚХА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Сол жоспарлардың ішінде ең біріншы мынау тұрақтылық дейді ғой біздің қарулы күштерімізді осы қалпына келтіру, инвестицияны тарту осы біздің елімізде. Халықтың ішінде жағдайы нашар азаматтарды солардың жағдайын көтеру. Сондай-ақ, көп мәселелерді біздің Президентіміз қозғалтты. »

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында «Қазақстан халқына» атты қор құрылатынын жеткізді. Ол денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласында нақты мәселелерді шешумен айналыспақ. Аталған қоғамдық-әлеуметтік қор бүгінде өз жұмысын бастап кеткен. Қорға бүгінге дейін қалталы азаматтар 12 миллиард теңгеден астам қаражат аударды.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

«Ел Президенті бұл президенттік, үкіметтік немесе қандай да бір мемлекеттік органның емес, барша қазақстандықтың қоры болады деген еді. Ашылған қордың қызметі толығымен ашық болса екен дейміз. Біз қиын дықты бастан кешірген жандарға көмек қолын созамыз. Егер бұл қор жұмысын жақсы атқарса, көптеген балалар уақытылы көмек ала алады. Бұл – қуантарлық жайт.»

Сондай-ақ, шара барысында білім сапасын арттыру мәселесі де көтерілді. Мұғілім жетіспейтін аймақтарға үздік ұстаздар тартылады. Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты арнайы мемлекеттік бағдарлама даярлауды тапсырды.

Нұрбол Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...