ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ

17:20, 21 шілде 2022

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы лагерь ұйымдастырылды. Демалыс барысында психологпен интерактивті тренинг және қатысушылар арасында спорттық эстафета өткізу жоспарланған.

«АРДОС-Жүрек» бірлестігі мүмкіндігі шектеулі 4000-нан астам бала тұратын өңір мектептерінде инклюзивті білім беру қағидаттарын ілгерілетуде. Бүгін Петропавлда «Барлығына инклюзивті білім беру» жобасы аясында көшпелі лагерь өтті. Оған 40-тан астам адам қатысты.

АҚЖАН КӘРІМ , «АРДОС-ЖҮРЕК» МҮГЕДЕКТЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Инклюзивті білім беру туралы көбірек айту керек. Бүгін біз жобамыздың қорытындыларына тоқталантын боламыз. Жалпы, жоба Қазақстан бойынша жүзеге асырылып жатыр. Өкінішке орай, көптеген мұғалімдер инклюзивті білім беру туралы ақпаратты біле бермейді, сондықтан біз ерекше қажеттіліктері бар балаларды қалай дұрыс оқыту туралы өз ұсыныстарымызды дайындадық.

 Евгения Данилова 10 жылдан астам уақыт бойы ерекше балалармен жұмыс істейді. Іс-шара аясында маман «коммуникативтік дағдыларды дамыту», «инклюзивті ортадағы Тимбилдинг» интерактивті тренингтерін өткізуді жоспарлап отыр. Оған тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар қатысады.

ЕВГЕНИЯ ДАНИЛОВА, ПСИХОЛОГ:

- Біздің орталықтың ғана емес, басқа да ұйымдардың инклюзивті білім беруге белсенді қатысып отырғанына өте қуаныштымын. Қиын уақытта біз инклюзивті ортада өмір сүруді үйренуіміз керек.

 Дамир Еркебұлан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы лагерьге төртінші рет қатысып отыр. Оған бұл жерде ұнайды, балалармен емін-еркін ойнап, сурет сала алады, жаңа достар табады. Айта кету керек, бұл жобаның мақсаты - мүгедектігі бар адамдардың қолжетімді инклюзивті білім алу құқығын қорғау және қамтамасыз ету.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар