ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

20:39, 30 маусым 2020

Өңіріміздің  бір топ  еріктісі «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан марапатталды.  Белсенділер төтенше жағдай режимі кезінде  көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отырды.  Партияның жергілікті филиалында салтанатты жиын өткізіліп, еріктілерге марапаттарын  облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов табыстады.

Дүние жүзін әбігерге салған коронавирус пандемиясы елімізді де айналып өткен жоқ. Әсіресе дәрігерлерге түскен жүктің ауыртпалығын айтып жеткізу мүмкін емес. Дертке қарсы күресті ақ халаттылармен қатар барша азамат жүргізіп келеді. Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланып, халықтың біраз бөлігі жұмыссыз қалған кезде, жалғыз тұрып жатқан қариялар  қауіпті кеселден сақтану мақсатында үйінде отыруға мәжбүр болған кезде көмекке еріктілер келді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Біз біргеміз» акциясына облыстың 80-нен астам еріктісі ат салысып, 2,5 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Әлфараби Мыңбай М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенті бола жүріп, белсенді жастардың қатарында өз көмегін аяған емес.

ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, ЕРІКТІ:

Жиын барысында Құмар Ақсақалов еріктілерге  өз атынан   алғысын білдіріп, жұқпалы вирусқа қарсы күрес жалғасып жатқандығын, яғни еріктілердің көмегі әлі де қажет болатындығын жеткізді.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
20:40, 7 шілде 2020
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...