ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕС 164/6 МЕКЕМЕСІНДЕ КӨКӨНІС ПЕН ЖЕМІСТІҢ ТҮР-ТҮРІ ӨСІРІЛЕДІ

20:39, 9 маусым 2022

Қияр, қызанақ және болгар бұрышы. Петропавлдағы ЕС 164/6 мекемесіндегі жылыжайда  4 жылдан бері өсіріліп келе жатқан көкөністердің қатарына лимон, жүзім және мандарин ағаштары да қосылды. Бұдан бөлек бұл жердегі шағын фермада сәндік қояндар да көбейтіліп жатыр.  

Мекемеде жазасын өтеп жүрген сондай-ақ жылыжайда еңбектенетін Олеся Русак өткен жылдың қараша айынан бастап жүзім, лимон, мандарин ағаштарын өсіруді қолға алды. Келіншектің сөзінше түскі және кешкі ас кезінде сотталушыларға дәл осы жемістер беріледі. Дәндерін алған Олеся оларды жерге сіңірген. Еңбегі еш болмай өскіндер шықты. Ал, жеміс ағаштарының күтімі туралы келіншек арнайы ктіпатардан оқып білген екен.

ОЛЕСЯ РУСАК, СОТТАЛҒАН:

- Бұл жемістерді өсіруде айтарлықтай қиындық жоқ. Жүзім мен күнбағысқа, лимон және мандарин ағашына тек жылу керек. Оларды қияр мен қызанақ секілді күніне екі рет суарып тұрамын. Тәжірибе ретінде ектім. Қыс пен көктемге төтеп беріп ағаш болып өсіп шықты. Жеміс береді деген үміттемін.

Ал, мекеме аумағындағы шағын фермада енді тауық, жылқы және ірі қояндардан бөлек сәндік көжектер де пайда болған. Олар гидропоника әдісімен өсірілетін жем-шөппен азықтанады. Олесяның сөзінше бұл көжектерді үйде ұстап баптауға болады. Әсіресе, кішкентай балаларға жақсы сыйлық.

ОЛЕСЯ РУСАК, СОТТАЛҒАН:

- Гидропоника әдісімен өсірілетін жем-азықтың құрамында 16 түрлі дәрумен бар. Сол себепті жануарлар оны сүйсініп жейді. Біздің фермадағы қояндарды бұл шөппен күніне 2 рет азықтандырамыз.

Жалпы, бүгінгі таңда мекемеде 200-ден аса келіншек жазасын өтеп жатыр. Соның 95 пайызы жұмыспен қамтылған.

ГҮЛНӘР СЫЗДЫҚОВА, ЕС-164/6 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сотталғандардың басым бөлігі яғни 140 әйел «Еңбек Қызылжар» ЖШС-де тігінші болып еңбектенеді. Олар арнайы киім тігеді. Бұдан бөлек жылыжайда және фермада 5 келіншек жұмыс істейді. Оларға орташа есеппен 40 мың теңге еңбекақы төленеді. Бұл қаржыны олар керек-жарағына жұмсай алады.

Жалпы, жылыжайда өсірілетін қиярдан аптасына 160 келіге дейін өнім алынады. Ал, көктем мезгілінен қолданылып жүрген гидропоника әдісімен бидайдың 1,5 келісінен 5 күнде 6 кг жемшөп дайындалады екен. Бұл жемазық түзету мекемесіндегі фермаға жөнелтіледі. Қазір онда 40 шақты қоян бар.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар