Облыс орталығында нашақорлықтың алдын алу бойынша "Есірткісіз қала" акцияСЫ өтті. Суретші Мадина Бакина "Стрит арт" волонтерлері арасында шеберлік сабағын өткізді.Полицейлер мен іс-шараға қатысушылар қала аралап, есірткі интернет-дүкендерін жарнамалаған жазбаларды бояды. Сондай-ақ халық көп жүретін орындарда асфальтқа сенім телефонының байланысын көрсете отырып, "нашақорлыққа жол жоқ" логотипін салды. Сюжетке назар аударайық.
Полицейлер тыйым салынған заттарды қолдану жасөспірімнің ағзасы мен психикасына зиян келтіретінін атап өтті. Олар оқушыларды қаланың үйлері мен ғимараттарының қабырғаларынан наркограффитиді көрген жағдайда бояуға немесе полицияға хабарлауға шақырды. Мұндай жазба және әлеуметтік желіде есірткі туралы ақпаратты тарату қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
БАУЫРЖАН ӘБДІЛМАНОВ, ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ЖЕДЕЛ УӘКІЛ:
Бұл акцияның мақсаты - жастар арасында есірткі заттарын қолдануға деген теріс көзқарасты қалыптастыру, өскелең ұрпақтың назарын қоғамның ең өткір мәселелерінің біріне аудару. Суретші Мадина Бакинаның айтуынша, мұндай іс-шаралар біздің қоғамға аса қажет.
МӘДИНА БАКИНА, СУРЕТШІ:
– Мен суретшімін, достарым хабарласып, осы акцияға қатысуға шақырды. Қаланы есірткіден тазарту - игі іс. Көше өнері арқылы есірткіге жол жоқ екендігін көрсететін боламыз.
2022 жылдың басынан 99 есірткі қылмысы тіркеліп, 60 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 18 килограмнан астам түрлі есірткі, оның ішінде 1 килограмнан астам синтетикалық есірткі тәркіленген. Петропавл қ.аумағында синтетикалық психобелсенді заттарды жарнамалаумен және таратумен айналысатын 98 сайт анықталып,бұғатталды.