ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

17:15, 30 маусым 2022

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әр ер азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді қорғау – қасиетті борыш. Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімі 200-ге жуық жас сарбазбен толықты. Олар Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облысынан әскер қатарына алынды.

 Отан алдындағы парызды өтеу – бұл батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Петропавлдағы 6637 әскери бөліміне жас сарбаздар бір апта бұрын келді. Олардың бірі – 20 жастағы Ерлан Әубәкіров. Сарбаз Абай облысы, Ұржар ауданың тумасы. Борышын өтегеннен кейін, өмірін әскери қызметпен байланыстырмақ.

 ЕРЛАН ӘУБӘКІРОВ, ҚР ҰҰ 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ:

- Әскерге өз қалауыммен келдәім. Себебі, Отан алдындағы борышын өтеу – әрбір Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толған ер азаматтың борышы деп ойлаймын. Парызы.  Семе қаласында электро-техника колледжінде 4 жылдық білім алдым. Өз еркіммен, бірден әскерге келдім оқу біткеннен кейін.  Бұйырса осы әскери жолында әрі қарай жұмыс жасасам да деген ойым бар.

 Жаңадан келген 200-ге жуық сарбазға 6637 әскери бөлімінің тәжірибелі офицерлері мен сержанттары әскери қызметке бейімделуге көмектесіп, әскери мамандықтарға үйретеді. Бір ай көлемінде сарбаздар саптық дайындықты, жауынгерлік қарудан оқ ату дағдыларын, сондай-ақ жауынгерлік әскери техникалар мен қару-жарақтарды қолдану тәсілдерін меңгеретін болады.

 ДІНМҰХАММЕД АБЫЛАЕВ, ҚР ҰҰ 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ:

- Толық құрамда оқу пунктін бастадық.  Призыв қазіргі таңда 1 командадан жинақталды. 15 күн көлемінде. Атап өткен ауданнан осы бізге келді. Бүгіннен бастап дайындақ бастаалды, әскери ант қабылдауға және алғашқы әскери дайындық сабақтарын өткізіп бастаймыз.

 6 тамыз күні 6637 әскери бөлімінің жас сарбаздары Петропавлдың бас алаңында әскери ант қабылдайды.

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар