ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ

20:42, 25 қазан 2021

Петропавлдағы әскери-техникалық мектепті тәмамдаған 31 адам әскери ант қабылдады. Олардың әрқайсысы әскери дайындық бойынша жеделдетілген бағдарламадан өтті.  енді бұл азаматтар Отан қорғауға дайын.Тілшіміз баяндасын.

Бүгінде әскери-техникалық мектепті 31 адам бітірді, оның 12-сі Қостанай облысынан келгендер. 40 күн бойы курсанттар әскери істің қыр-сырын меңгеріп, қару ұстауды, офицерлер командасын орындауды, маршпен жүруді және өз жолдастарымен командада жұмыс істеуді үйренді. Глеб Купреев әскери дайындықтың негіздерін қиындықсыз меңгеріп шықты.

ГЛЕБ КУПРЕЕВ, Петропавл қалалық әскери-техникалық мектептің түлегі:

- Біз жарғыларды жаттап, қару-жарақтартың құрылысымен таныстық.Граната лақтыруды, орларды қазуды үйрендік. Жараланған сарбазға алғашқы медициналық көмек көрсетудін қыр-сырын жетік білдік.Инженерлік дайындық кезінде маған траншеяларды қазу қиын болды. Басқасымен бұрыннан таныспын, сондықтан жеңіл болды.

Әскери-техникалық мектеп жастар арасында сұранысқа ие. Өйткені олар әскерге бір жыл жұмсағысы келмейді, олардың жұмысы, тіпті кейбірінің отбасылары да  бар. Әскери дайындықтың жедел курсы бүгінде 260 мың теңге шамасында тұрады. Оған тек 24 жастан бастап қана алынады.  Петропавл филиалына Солтүстік қазақстандықтар да, Қостанай облысынан да әскери міндеттілер  келіп түседі.

АЛЕКСАНДР СТЕПАНОВ, Петропавл қ. әскери-техникалық мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Жалпы алғанда олар бізде 42 күн болды, оқу пәндері бойынша және атыс тактикалық дайындықтан өтті.. Мен оларға жұмысқа орналасуда, өмірде өз орнын табуда сәттілік тілеймін. Менің ойымша, қысқа мерзім ішінде олар өз елінің лайықты қорғаушыларына айналды.

Келесі жиын, 2 қарашадан басталып  13 желтоқсанда аяқталады.

Алдияр Жылкайдаров

 

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК
17:22, 3 желтоқсан 2021
ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТА...
Толығырақ...
 «ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
20:46, 2 желтоқсан 2021
«ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП Б...
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
20:44, 2 желтоқсан 2021
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...