Петропавлда 33 азамат әскери-техникалық мектепті бітіргені туралы сертификат алды. Бұл 2021 жылғы түлектердің алғашқы взводы. Әскери билет алған жастар енді өз өмірлерін мемлекеттік және әскери қызметпен байланыстыра алады.
Петропавл мен Қостанайдан келген 33 азамат 40 күн бойы әскери-техникалық мектепте білім алды. Оқу барысында жастар көптеген дағдаларды игеріп үлгерді. Бүгін олар Отанға адал қызмет етуге ант қабылдады.
ҚАЛИОЛЛА САУЫТБЕКОВ, ҚР БҒМ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- «Бүгінгі күні, әскери мектептің бірінші взводы әскери мектепті бітіріп жатыр.Бүгін олар әскери ант қабылдайды және сертификаттар тапсырылады. Олардың міндеттері өздерінің оқуларын бітіріп шығу болды. Бүгін міне выпуск. Осыдан кейін, ант қабылдап военкоматтан өз военный билеттерін алады.»
Петропавл әскери-техникалық мектебіне 24-35 жас аралығындағы жастар қабылданады. Оларды 7 оқытушы дайындайды. 2013 жылдан бастап 2714 адам сертификат алған. Шыңғысхан Ерекешев Қостанай қаласының тумасы. Жасы 25-те. Мамаындығы бойынша Шыңғысхан заңгер. Үлкен ағаларынан үлгі алып, ол да Отан алдындағы борышын өтеуге шешім қабылдапты.
ШЫҢҒЫСХАН ЕРЕКЕШЕВ, ҚР ҚМ ӘТМ ПЕТРОПАВЛ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТҮЛЕГІ:
- «.. Қарудан атып, сатптық жүріспен жүрдік. Бос уақытымыз болғанда түрлі жарыстарға да қатыстық. Әскери қызметімді өтегеніме қуаыштымын, өзіме ұнады. Әскери билет менің болашақта жақсы жұмысқа орналасуыма сеп болмақ.»
Әскери мектепті бітіргені туралы сертификаттардан басқа 2 түлек ата-аналарына алғыс хат алды. Сондай-ақ оқудағы жоғары көрсеткіштері үшін де жастарға грамоталар табысталды.
Индира АХАТҚЫЗЫ