ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӘСКЕРИ ЖИЫН ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

13:00, 15 маусым 2022

Өңірде запастағы әскери міндеттілермен кезекті жоспарлы әскери жиын өткізіліп жатыр. Оқу-жаттығулар 14-23 маусым аралығын қамтиды. Оған 78 офицер, сержанттар мен запастағы сарбаздар тартылды. Жиында жақсы нәтиже көрсеткендерге кезекті әскери атақ беріледі.

14-23 маусым аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынының ашылу рәсіміне ҚР ҚК Бас штабы аумақтық қорғаныс департаментінің аға офицері Нұржан Борамбаев қатысып, сарбаздарды жиынның басталуымен құттықтады.

НҰРЖАН БОРАМБАЕВ, ҚР ҚК БАС ШТАБЫ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

– Бұл іс-шара екінші рет өткізіліп отыр. Бірінші жиынға 39 адам қатысты. Бүгін біз аумақтық қорғаныс бригадасының екінші ротасын шақырдық. Мен сіздерге алғыс білдіріп, 10 күндік жиынды сәтті өткізіп, кезекті әскери атақтармен үйге оралуларыңызды тілеймін.

Әскери жиындар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, облыс әкімдігінің қаулыласына сәйкес жоспарлы түрде өткізіліп жатыр. Яғни, запастағы әскери міндеттілерге арналған жиында облыс әкімдігі өткізіп жатыр.

 СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 – Біздің басты міндетіміз - тәуелсіздігімізді нығайту,  жетістіктерімізді арттыру. Кейінгі ұрпаққа экономикалық қуатты, халқы ұйымшыл және тұрақты дамыған Қазақстан қалдыруымыз керек. Мұндайда аумақтық қорғаныс күштері маңызды рөл атқарады. Сіздер алған білім біздің еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негіз болады. Баршаңызға сәттілік тілеймін.

 2022 жылғы әскери жиынға запастағы 78 әскери сарбаз қатысып жатыр.   Олардың бірі Еламан Душемов. Ол 2018-2019 жыл аралығында  Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы шекара қызметінде 9824 әскери бөлімінде өз борышын өтеген. Әскери жиынға шақырту алғанда бірден келіскен.

 ЕЛАМАН ДУШЕМОВ, ӘСКЕРИ ЖИЫНҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Подготовка, автомат ату, жүгіру, секіру, турникке тартылу, солардың бәрін еске түсіру мақсатында әскери сборға келіп отырмын. Әскери сбор  өзімен ұнап жатыр. Жоғары деңгейде өтіп жатыр.  Маңыздылығы, енді мемлекетіміздің шекарасын айқындауға мықты болуға.

 Өткізіліп жатқан әскери жиын барысында запастағы әскери міндеттілермен «Күзет ротасын арнайы өрістетуді, жауынгерлік үйлесімділікті жүргізу, объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру және Диверсиялық топтармен күресу» тақырыбында сабақ өтеді. Айта кету керек, оқу-жаттығу жиынын сәтті игергендерге кезекті әскери атақ беріледі. 

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар