ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

«ЕСО QAHARMAN» БАЙҚАУЫ

20:40, 16 сәуір 2021

«Есо life-экологияның тәжірибелік сабақтары» жобасын жүзеге асыру аясында «Green help» қоғамдық бірлестігі Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектептің базасында «Eco Қаһарман» байқауын ұйымдастырды. Сайысқа білім ордасының 18 оқышусы қатысып жатыр. Байқаудың мақсаты қандай? Әріптесім әзірлеген бейнесюжетке назар аударайық.

«ЕСО QAHARMAN»  байқауының басты мақсаты жасөспірімдер арасында қалдықты бөлек жинау арқылы табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаның ластануын азайту идеясын насихаттау. Эко-амбассадор Азат Жұмағұлдың сөзінше мұндай сайыс қазіргі кезде оқушылар арасында өте танымал. 5 пен 9-шы сынып оқушылары пластик бөтелкелер, қағаз, картон, темір жинап мектепке алып келеді. Ал, «Радуга» және «СКО Вторресурс» ЖШС-і қоқыстың салмағын өлшеп, қабылдап алады.

АЗАТ ЖҰМАҒҰЛ, «РАДУГА» ЖШС МАМАНЫ, ЭКО-АМБАССАДОР:

- Акцияның басты мақсаты жастарды қоршаған ортаны ластамауға тәрбиелеу. Бұған дейін біз 6-шы мектептің оқушыларымен кездесіп, оларға қандай қоқысты жинауға болатынын айттық. Осы бір апта бойы 18 жасөспірім түрлі қоқысты қаптарға, қоржындарға салып, алып келді. Бүгінгі күн алғашқы өлшеу өтеді. Жалпы қоқысты өлшеу әр апта сайын мамырдың 10-на дейін жалғасады.

5-ші сынып оқушысы Ясмина Жетпісбаева мұндай байқауға алғаш рет қатысып отыр. Бүгінгі күні ол 10  кг қоқыс жинаған. Оған ата-анасы көмектескен.

ЯСМИНА ЖЕТПІСБАЕВА, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

- Бүгін мен 10 кг қоқыс жинадым. Бұл макалатура, бөтөлкелер. Мен оны ата-анаммен 1 ай жинадым. Біз қоқыстарды жинағанда оларға екінші өмір береміз. Солай біз оны қорғаймыз.

Бір күннің ішінде Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектептің оқушылары 208 келідей қоқыс жинаған. Мамырдың 10-на дейін 18 қатысушының арасында ең көп қалдық тапсырған 3 бала 30, 20 және 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...