ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ, АҚЫННЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ

17:15, 3 маусым 2022

Жерлес ақын, журналист Ғалым Малдыбаевтың құрметіне облыс орталығындағы Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан көне ғимараттың қабырғасына ескерткіш тақтайша орнатылды. Биыл қаламгердің 120 жылдығы облыс көлемінде тойланып жатыр. Осы ретте салтанатты іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен өңір жетекшісінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты. 

Ғалым Малдыбаев 1902-ші жылы Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келді. 1924-ші жылы Петропавлдағы партия-кеңес мектебіне оқуға түсіп, кейін «Ленин туы» газетінің редакциясында еңбек етті. Саналы ғұмырын БАҚ саласына және ақындыққа арнаған көрнекті тұлғаның есімі бүгінде СҚ-ның тұрғындарына ғана емес, республика халқына да жақсы таныс.

МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

-  Қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері, әдебиеттің әліппесін бір буынға үйретіп үлкен бір зиялылардың шоғырын тәрбиелеп шығарған Ғалым Малдыбаев дейтін ақынынң рухына тағзым етіп отырмыз.Біріншіден Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сіздерге дұғай-дұғай сәлемін жолдауға рұқсат етіңіздер. Бізде қашанда ақынның шығармаларын қадірлейтін және сол шығармаларын оқып отырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғатырып асқақтайтын халықпыз.

Бүгінгі күні Ғалым Малдыбаевтың құрметіне туып өскен ауылындағы орта мектепке, Петропавл және Сергеевка қалаларындағы көшелерге есімі берілген. Сондай-ақ қазіргі таңда Шал ақын ауданының орталығында қаламгердің бюстін орнату жоспарда бар.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ғалым Малдыбаев С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сияқты ұлы тұлғалармен қатар жұмыс істеді. Бүгінде жерлесіміздің көптеген шығармалары қазақстандықтарға жақсы таныс. Шығармалары мектеп оқулықтарына енгізілген болатын.  Қаламгердің туған жер, адамгершілік пен еңбек тақырыбындағы шығармаларын жастар арасында насихаттау біздің міндетіміз.

Ақынның 120 жылдық мерейтойына орай өзі кезінде талай жыл еңбектенген «Ленин туы» газетінің редакциясы орналасқан көне ғимараттың бірінде ескерткіш тақтайша салтанатты түрде ашылды.

 Салтанатты іс-шараға облыстың зиялы қауым өкілдері мен Ғалым Малдыбаевтың балалары да қатысты. Ақынның үлкен қызы Ақбаян Ғалымқызы әкесі туралы естеліктерімен бөлісті.

АҚБАЯН МАЛДЫБАЕВА, Ғ.МАЛДЫБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ:

- Мен бірінші класқа бара бастағаннан бастап әкем маған өзінің кітабын, өлеңдерін оқитын. Ол кісі арабша жазатын басында. Жол жазуларын маған жаздыртатын қазақша.Мен қағаз бетіне түсіретінмін. Өйткені ол редакцияға жіберетін. Менде өлең жазатынмын. Көңілім түскенде.

Кейін жиналған қауым облыстық кітапханада Ғалым Малдыбаевтың «Қырым қызы» атты поэмасының тұсаукесеріне қатысты. Қаламгер шығарманы 1933-ші жылы жазған. Басты кейіпкер Қырым халқының Арзы есімді қызы. Кітап 100 дана болып басылып шықты.

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПРОФЕССОРЫ:

- Әрине, Ғалым Малдыбаев Республикамызға танымал тұлға. Ол кісінің туындылары оқырман жүрегінен орын тапқан. Очерктері, әңгімелері жарты ғасырдана стам уақыт «Ленин туы» газетінде жарыққа шықты.

Ақын негізінен махаббат,табиғат, отан тақырыптарына қалам тербеген. Жерлесіміздің «Ақ көгершін», «Сарыарқа», «Ырғақ» сынды өлең, поэмалар жинағы оқырмандарға жақсы таныс.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар