ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК

17:22, 3 желтоқсан 2021

Елімізде өрт оқиғалары мен газ баллондарының жарылуы жиілеп кеткен. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында облыс орталығында профилактикалық түсіндіру тобы құрылған. Олар газ бекеттеріне барып, алдын ала түсіндіру жүргізеді. Бұл жұмыстарды қала әкімі Болат Жұмабеков бақылауына алды.  

Облыс орталығында тұрмыстық баллондарды толтырумен 30-ға жуық газ құю бекеті айналысады. Олардың қатарында «Рока» серіктестігі де бар. Мұнда арнайы пункт жабдықталған. Бұл жерде талап бойынша баллондар тек 85 %-ке дейін толтырылады.

БОРИС МИШИН, СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫ:

«Газ ыдыстарына одан көп құюға болмайды. Себебі газ баллонын суықтан үйге кіргізген кезде ондағы газ мөлшері ұлғаяды. Әр цилиндрде паспорт бар. Төлқұжатқа сәйкес, бос және  толтырылған баллондардың салмағы бар. Барлығы жанармай құю бағанасы мен бақылау таразыларымен бақыланады.»

Автогаз құю станцияларын тексеру профилактикалық сипатқа ие. Ескертілген- яғни, қорғалған деген мағынаны білдіреді дейді қалалық әкімдіктің өкілдері. Олар өз ұсыныстарын айтып, көп қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салынғанын еске салады. Ережені елемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

АСЛАН ІЛИЯСОВ, ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Бүгінгі таңда газ және газбен жабдықтау заңының 28-ші бабына сәйкес, екі қабаттан жоғарғы үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салынған. Бүгінгі таңда біздің тұрғын-үй инспекциясы қалалық бөлімімен екі факті тіркелді. Тексеру жұмыстары жүргізілді. Меншік иесіне айыппұл салынды. Одан басқа, бүгін тағы да екі тексеру ашылды ресми түрде.  »

Профилактикалық топ құрамына қалалық әкімдіктің өкілдері, ТЖ басқармасының, ПБ-ның, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері және кәсіпкерлер палатасының мүшелері кірген.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
20:46, 27 қаңтар 2022
АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
20:34, 27 қаңтар 2022
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
17:20, 27 қаңтар 2022
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...