ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ

13:08, 9 желтоқсан 2019

Өңірдің бас басылымы - «Солтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан жарыс өтті. Аталмыш шараға журналистер, мәдениет саласының мамандары  мен қара шаңырақтың тұрақты оқырмандары  қатысты. Барлығы - 30-дан астам адам жиналды.

«Солтүстік Қазақстанның» 100 жылдығына орай көптеген шаралар жоспарланған. Олардың бірі - бильярд турнирі. Журналистер мен өнер саласының мамандары арасындағы дода алғаш рет өткізіліп отыр.

ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, «SOLTÚSTIK QAZAQSTAN» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Бильярдың ережесін біз аса күрделендірген жоқпыз. Еркін түрде ойнайды. Кез-келген шарды бір-бірімен ұруға болады. Мұнда 8 ұжым қатысып отыр. «Хабар», «Қызылжар», «Первый Северный», «Солтүстік Қазақстан» жігіттері де бар. Одан басқа кәсіподақ ұйымы, Қазпоштаның қызметкерлері келіп отыр. Басқа да мекемелерден газеттің жанашырымын деген осы газетті оқимын деген оқырмандар қатысуға ниет білдірді. 

Шаршы тақтада шар қумаса да, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының режиссеры Баатырбек Шамбетов бұл шарадан шет қалмай, әріптестерін қолдауға келіпті. «Бұндай турнирлер келешекте дәстүрге айналса екен»,- деген тілегі де бар.

 БААТЫРБЕК ШАМБЕТОВ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ:

Турнир өткізіп отырғанына өте құптарлық дүние. Бұл деген салауатты өмір салтын насихаттау деп білеміз. Осындай бір әңгіменің арқасында үлкен бір іс-шараларды, жұмыстарды тындырып қаламыз. 

Турнирдің қорытындысы бойынша бас жүлдені газеттің тұрақты оқырманы  Балғат Дүйсен жеңіп алды. Енді алдағы уақытта «Солтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай ақындар арасында мүшайра ұйымдастырылады. Мұнымен қоса, БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізіледі.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
20:40, 4 тамыз 2021
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
17:15, 4 тамыз 2021
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...