ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

17:17, 5 шілде 2022

1-ші шілдеден бастап елімізде gosagro.kz субсидиялаудың жаңа порталы жұмыс істей бастады. Агроөнеркәсіптік кешен субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі Qoldau жүйесін алмастырып, фермерлер үшін тегін болады. Инвестициялық субсидиялар бойынша Функционал 1 тамызда қосылады.

 Субсидиялаудың жаңа жүйесінде автоматты режимде субсидия алушылардың тізілімін қалыптастыру, олардың экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемесі бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілері санатына сәйкестігін тексеру көзделген. Сондай-ақ, субсидияны алу кезектілігі мен қанағаттандырылмаған өтінімдерді күту парағы жүргізілетін болады.

 ҚАЙРАТ САНСЫЗБАЕВ,  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жаңа сайт көп функциялы болса да, онда бәрі түсінікті болады. Барлық дерекқорларды біріктіру арқылы максималды автоматтандыру функциясы іске асырылады. Сондай-ақ, күту парағының функционалдығын іске қосу керек.

 Аталмыш жүйе Ақмола облысында пилоттық режимде сыналған. Qoldau жүйесіне қарағанда, gosagro.kz  порталы тегін, сонымен қатар ол барлық негізгі мемлекеттік дерекқорлармен өзара әрекеттеседі.

Титр: САБИНА МҰҚАШЕВА,  СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ АӨК БӨЛІМІНІҢ САРАПШЫСЫ:

Кәсіпкерлер үшін бұл жүйе оң нәтиже береді. Инвестициялық субсидиялаудың барлық қызметтері бірыңғай жүйеде орналасқан, ал бұрын олар әртүрлі жүйеде көрсетілетін. Сондай-ақ, барлық қызметтер ақысыз, бұған дейін абоненттік төлем алынған.  Барлық қызметтер электронды форматта. Қосымша анықтамалар қажет емес.

 Жыл соңына дейін жаңа порталға толық түрде көшу жоспарланып жатыр. 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап QOLDAU мен  plem.kz жүйелері жұмыстарын тоқтатады.

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар