ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРБИКЕ КҮНІ

17:17, 12 мамыр 2022

Мамырдың 12-і  Халықаралық  мейірбике күні. Науқастарға күтім жасайтын бұл мамандардың еңбегі зор. Осы салада қажырлы еңбектеніп жатқан абзал жандарды кәсіби мерекелерімен облыс әкімінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев құттықтап, 30 мейірбикеге марапат табыс етті.

Айман Қабидоллақызы медицина саласына өмірінің 45 жылын арнаған. Анасының кеңесі бойынша мейірбике мамандығын таңдап, Қарағанды қаласындағы медициналық колледжде білім алған. Кейін ол жақтағы емханададағы жұмысын тастап, Аққайың ауданы Аралағаш ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке шақырту бойынша келеді. 5 жылдан соң облыстық ауруханаға ауысады. Мұнда ол 20 жыл жұмыс істеді. Кейін өзінің еңбек жолын қан орталығында жалғастырды. Дәл осы мекемеден тәжірибелі маман зейнет демалысына шыққан екен.

АЙМАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР:   

- Біз басында жұмыс істегенде өте қиын болды. Мынау шприцтарды замачиватетеміз, оларды стерлизаватетеміз. Қазір міне жақсы одноразовый бәрі. Қандай рахат жастарға.Бұрын реанимация деген болған жоқ. Операциядан кейін әкеп тастайды «ой водички дайте,ой сестричка» деп біз ухаживатететінбіз. Мен бұрын хирургияда жұмыс істедім, 1 мейірбикеге 60 кісі болатын. Бәрінде істеп, мінекей пенсияға жетіп отырмын. 

Айман апаның зейнет демалысына шыққанына 10 жыл болған. Алайда, соған қарамастан өзі еңбектенген емдеу мекемелеріне жиі барып, жастармен кездесіп ақыл-кеңесімен бөліседі. Бұдан бөлек зейнеткер «Балқадиша» әжелер ансамблінде ән шырқайды. Бүгінгі мерекеде ардақты жан «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Жалпы бұл күні 30 мейірбике түрлі марапаттарға ие болды. Адам өміріне араша түсіп жүрген жандарды облыс әкімінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев құттықтап, өзінің де осы саладағы алғашқы еңбек жолы мейіргерден басталғанын айтты.  

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-   Өзімде бұрында мейірбике болып жұмыс істегем.3-і курста оқып жүргенде. Сол себепті бұл кәсіп маған өте жақын. Сіздерге, отбасыларыңызға тек денсаулық,амандық, жақсылық тілеймін.

 Айта кету керек аталмыш мереке әлемде 1974-ші жылдан бері тойланып келеді. Кеш облыс өнерпаздарының концертіне ұласты.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...