Парламенттің төменгі палатасының пленарлық отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті мәселелерді, соның ішінде білім беру мәселелерін қозғады. Президент 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде бес филиалын ашу қажет деп санайды.
Президенттің жалпы сөзі әр қазақстандықтың бойында сенім ұялатты. Мемлекет басшысының ұстанған саяси бағыты жекелеген азаматтардың емес, бүкіл халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. «Оператор РОП» жұмысын тоқтату туралы шешімін де көпшілік қуана қабылдады. Жаңа көлік әлдеқайда қол жетімді болмақ. Қалалық Қоғамдық кеңестің өкілі және "Мир аттракционов" ЖШС құрылтайшысы Владимир Козлов бірнеше маңызды тармақтарды атап өтті, олардың ішінде инфляция деңгейіне қатысты ойы да бар. Ол жылына 4% - дан аспауы қажет.
ВЛАДИМИР КОЗЛОВ, "МИР АТТРАКЦИОНОВ" ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:
- Қоғамдық қор құруды дұрыс шешім деп санаймын. Кірісі орасан компаниялар, қалталы адамдар мұқтаж жандарға көмектесулері керек. Мәселен миллиардтаған табысы бар Ким мырза 23 миллион доллар аударды. Бұл қорды толықтырып, қаражат елдің емделуіне, білім алуына, дамуына жұмсалады деп үміттенемін.