ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ

17:18, 27 наурыз 2020

Әлемде коронавирус індеті өршіп барады. Өкінішке қарай, жұқпалы ауру елімізде де белең алды. СOVID-19 вирусын жұқтырғандар саны сағат сайын артып жатыр. Бір адам қайтыс болды. Сондықтан мамандар далаға артық шықпай үйде отыруға кеңес береді. Сонымен бірге қажетті азық түлікті интернет арқылы сатып алған жөн.  Осылайша аты жаман аурудың тарамауына тек біз бен сіз тосқауыл бола аламыз.

«Доброе утро! интернет магазин «Семейный». Меня зовут Елена я буду принимать ваш заказ.»

Қазіргі уақытта С.Мұқанов көшесінің бойында орналасқан «Семейный» интернет дүкенінде тапсырыстар артқан. Егер бұған дейін қалалықтардан күніне орта есеппен 90 тапсырыс қабылдаса, қазіргі таңда оның саны 200-ге дейін жетіпті. Жалпы, мұндағы қызметкерлер барлық тауарларды қала бойынша тегін жеткізеді.

АННА ВАЩЕНКО,   ИНТЕРНЕТ ДҮКЕННІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Қала тұрғындары азық-түлікті ұялы телефон немесе интернет арқылы тапсырыс жасап ала алады. Егер азық түліктің жалпы сомасы екі жарым мың теңгеден асса, біз оны үйіне тегін жеткізіп береміз. Қазіргі уақытта жұмыс бастан асып жатыр. Тазалыққа да аса назар аударамыз. Сауда залына күнде 3 мәрте дезинфекция жасап отырамыз. Барлық қызметкерлер маскамен қамтамасыз етілген. Арнайы бетперделер әр үш сағат сайын ауыстырылады.»

Сонымен бірге азық-түлікті жеткізетін жүргізушінің көлігінде де зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, интернет дүкен тапсырыстарды таңғы сағат  9-дан кешкі 21:00-ге дейін қабылдайды. Дәріханаларда да жеткізіп беру қызметі жұмыс істеп тұр. Ол баяғыда пайда болыпты. Вирус өршіп тұрған шақта бұл- әлдеқайда қауіпсіз. 

ГАЛИНА БЕКИШЕВА, ДӘРІХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  «Адам телефон арқылы хабарласып, қандай дәрі қажеттігін айтады. Егер медикаменттердің жалпы сомасы 5 теңгеден асса, біз оны үйіне дейін тегін апарып береміз. Күніне көп дегенде 10 шақты тапсырыс қабылдаймыз.»

Яғни, мұндай мүмкіндікті пайдаланып жатқандар шамалы. Өйткені, қазір жұртшылық тарапынан антисептиктер мен маскаларға деген сұраныс жоғары. Ал дәріханаларда олардың тапшы екені айтпаса да түсінікті. Бірақ, өзге де дәрі-дәрмекке мұқтаж жандарға, әсіресе қарттарға, бұл сервисті пайдалануға көшкен абзал. Сақтанғанды құдай сақтайды!

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...