ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ИРАННАН ҚАНДАСТАРЫМЫЗ КӨШІП КЕЛДІ

13:01, 22 қыркүйек 2021

Облысқа Иран елінде туып өскен қазақтар қоныс аударды. 20 отбасы «Еңбек» бағдарламасы бойынша Есіл және Шал ақын аудандарына жайғастырылып, жаңа үйлерге қоныстанды.

- Сұр бұлт. Дымқыл тұман. Қоңыр күз. Солтүстік Қазақстан қандастарды күннің суығымен қарсы алса да, жылы шырай танытты.

- О құтты болсын! – Қандай нөмір? – Бірінші...

Тарихи Отанына табаны тигендердің бірі – Нажиб Қазақ. 4 баланың әкесі. Егіз қыздарына 4 – ақ ай. Иранда туып өскен қандас бауырымыздың қуанышында шек жоқ. Бүгін аңсаған ата қонысынан үй алып жатыр.

НАЖИБ ҚАЗАҚ,, ҚАНДАС:

- Сезім күшті, мықты. Қуанып тұрмын. Өз жерімді көріп, өз ата – бабаларымның топырағына келіп қатты қуаныштымын. Келіншегім де қатты қуанышты. Сосын иншалла осы жерде қалған өмірімді осы жерде қоямын деп айрнайы келдім. Өзім сыймай тұрмын өзіме.

Бір қауым қандас Николаевка ауылына қоныстанды. Оларға «Еңбек» бағдарламасы бойынша салынған жаңа үйлер берілді. Басқа да жағынан қолдау болады.

ЕДІЛ ТҰТҚЫШЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Келген қандастарымыз мынау мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасына легіп жатыр. Әр отбасына 204 мыңнан субсидия алынады. + 000249 Және де 500 мыңнан аса грант көмек бастапқы көмек алу мүмкіншіліктері болады.

Солтүстік Қазақстан облысына Ираннан 20 отбасы – барлығы 60 адам көшіп келді. Олардың арасында мұғалім, тігінші, құрылысшы секілді тағы басқа мамандық иелері бар. Көш тоқтамайды.

АРМАН СҮЙІНДІКОВ, ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ СҚОФ ЖЕТЕКШІСІ:

- Ираннан қазіргі уақытта 10 мың қазақ – этникалық қазақ тұрады. 1 мың 500 отбасы анда тұрады. Ол қалада көп қазақ тұрады Горган, Бүржі сондай қалаларда тұрады. – Келгілері келе ме? – Иә, алла жазса келеді.

Олар үшін жаңа өмір басталды. Көз ашқалы қар жаумайтын Иранда тұрған қандастарымыз бүгін бірінші рет пеш жағып жатады. «Атамекеннің күні де ыстық, түні де ыстық», - дейді олар.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...