ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

20:42, 20 шілде 2022

Қабылдаулар мен іскерлік кездесуде,  не болмаса достарымен жүзескенде әйел адам өзін қалай ұстауы керек? Дастарханды жылдам және әдемі етіп жаюдың сыры. Осыған қыз-келіншектерді Петропавлда өткен арнайы шеберлік сағатында үйретті. Өңірлік іскер әйелдер қауымдастығының мұрындық болуымен өткен жиынға арна тілшілері де қатысып қайтты.

Заман ағымына сай бүгіндері әйелдер қауымы үй мен түздің шаруасын қатар алып жүр. Сондықтан бәріне үлгеру қажет. Ал іскерлік кездесулерде өзін ұстай білудің де маңызы зор.  Яғни, кез келген жиында көпшілікпен амандасу, сөйлесу әдебі бар. Тіпті киім киюдің де реті бөлек.  Осыны іс-шараға қатысушыларға тәжірбиелі маман - Диляра Жұмағұлова үйретті. Дәріс көпшіліктің көңілінен шықты.

- Әрине өте пайдалы. Әр адамның өзінің өмірлік тәжірбиесі бар.  Білім керек, тәжірбие керек.  Және әлемге шыққанда, қазір біздер Мысыр, Турция және Европа елдеріне барамыз ғой және жалпы қайда бармасақ та осы этикетті қолдану керекпіз. 

- Мен қаламызда осындай іс-шараның ұйымдастырылғанына өте қуаныштымын. Өзім үшін көп ақпарат алдым. 

Жалпы кездесуге 30-ға жуық әйел жиылған. Олар кездесуде  түрлі тағамдарды дайындауды да үйренді.   

РИЗАГҮЛ ЫСҚАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің спикерлеріміз дайын. Олар үйретеді: дастарханды қалай әзірлеу, тортты пісіру және қонақ келсе дастарханды қалай әдемілеп жасау. Әрқайсымыз дастарханды үйде жасай береміз. Кез келген қонақ келсе, не бар соны жасай саламыз. Бірақ мұнда гүлді қайда қою, тарелкалардың және салфеткалардың тұру ретін көрсетеді.

Жалпы жыл басталғалы іскер әйелдер қауымдастығы ондаған іс-шара өткізген. Алда тағы  бірқатар кездесу өткізу жоспарда бар. 

 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар