ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАДІРЛІ ІС

20:45, 23 мамыр 2022

«Многодетный Казахстан» қоғамдық бірлестігі 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, көпбалалы отбасыларға арнап қайырымдылық іс-шара өткізді. Жиынға әріптестеріміз де барып қайтты.

 Әсел Ысқақова үй шаруасымен айналысатын 4 баланың анасы. «Многодетный Казахстан» қоғамдық бірлестігі келіншекке 5 жыл көлемінде киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектеседі. Ұйым басшылығына алғысы шексіз екенін айтады. 

 ӘСЕЛ ЫСҚАҚОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

- Галина Васильевна бізге үлкен көмек көрсетеді. Осындай жиындар өткізеді. Жаңа жыл, осындай мереке балаларымызға істейді. Киім-кешек, аяқ киім біздің балаларымызға жинап береді. 00:40 Ақыз-түлікпен көмектеседі. Енді мен айтқым келеді Г. Васильевнаға үлкен рахмет.

«Многодетный Казахстан» қоғамдық бірлестігі 17 жыл бұрын құрылған. Бұған дейін «Эра милосердия» деп аталған ұйым ашылғаннан бері 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қайырымдылық іс-шарасын өткізіп тұрады. Бүгінде қаламыз бойынша 9 қоғамдық жерлерде киім-кешектер салу үшін ұйымның жәшіктері орналасқан.

ГАЛИНА КАЛИНИНА, «МНОГОДЕТНЫЙ КАЗАХСТАН» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК ӨКІЛІ:

- Бүгінде бізде 70 көпбалалы отбасы бар. Отбасылар әр жексенбі сайын осы жерде жиналып, керек жарақтарын алады. Кейде азық-түліктер де береміз.   Бізде киімдер өте көп. Кей отбасылар кейде газельмен де әкетеді. Мысалы, өткен демалыс күнінде  18-ші баласын  күтіп отырған Колтушевтар отбасы киім-кешектер алып кетті.

 Жауын-шашынға қарамастан мерекелік шарада балалардың көңіл күйлері көтеріңкі болды. Олар үшін арнайы аниматорлар келіп, түрлі ойындар ойнатты. Сонымен қатар тәтті шәй ұйымдастырылды.

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...