Қайырымдылық шарасынан СҚО іскер әйелдер қауымдастығы мен жастар ресурстық орталығының волонтерлері де тыс қалмады. Бірер күннен бері олар заттарды реттеп, гуманитарлық көмекті таратып жатыр. Барлық қажетті заттар Петропавл қаласының мәдениет үйінде орналасқан штабқа тәулік бойы жеткізілуде.
Сонымен қатар жарылыс пен өрттен зардап шеккендердің барлығы қалалық мәдениет үйіне барып қажетті заттарды ала алады. Барлық сұрақтар бойынша 8-777-897-58-28 нөміріне хабарласуға болады.
НЕЛИ ШТЕЙНБРЕНЕР, «НАДЕЖДА.ВЕРА.МИЛОСЕРДИЕ» СҚО ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- «..Өзгенің қайғысына бей-жай қарамай, қолдау көрсетіп жататын қаламыздың барлық азаматтарына мың алғыс. Тұрғындар азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық химиямен көмектесіп жатыр. Қиын кезде қолдау көрсеткісі келетін кез келген адам Сәтбаев көшесіндегі қалалық Мәдениет үйінің штабына хабарласа алады.»
ДАЯНА ОСПАНОВА, СҚО « ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ » КММ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
- «... Қазіргі уақытта жан-жақтан көмек кеп жатыр. Еріктілермен бірге біз оларды сұрыптап, балаларға, жасөспірімдерге, ересектерге бөліп жатырмыз. Біз барлық қала тұрғындарына беріп жатқан жәрдемдері үшін алғыс айтамыз.»
Сондай-ақ, Петропавл қаласының әкімдігі қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп арнайы банк шотын ашты. Көмек көрсеткісі келетін азаматтар «Интернациональная 21» белгісін көрсете отырып, банктік шотқа қаражат аудара алады. Барлық сұрақтар бойынша 46-50-71 тел нөміріне хабарласып біле аласыздар. Демеушілік және қайырымдылық көмегін аударуға арналған деректемелер экранда көрсетілген.
БСН 961141002819
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Петропавл қалалық филиалы
«БанкЦентрКредит» АҚ ЖСК KZ 578560000004453692
Телефон / факс: 46-50-71