ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА БЮДЖЕТІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

17:15, 10 маусым 2021

Петропавл қаласының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп қалалық мәслихаттың 5 сессиясында бекітілді.  Мемлекеттік органдардағы бұзушылықтар облыс орталығының бюджетіне кері әсер тигізді. Бұл туралы облыстық тексеру комиссиясының өкілі хабарлады.

Тексеру барысында бухгалтерлік есепте бұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Қаржылық есептілікті бұрмалағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мысалы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру қағидаларында мынадай мәліметтер табылды. 6 айдан астам төлем болмаған жағдайда хабарлама жіберілмей және тұрғын үйді жекешелендірудің 11 шартын сот тәртібімен бұзу шаралары қабылданбаған. Соның салдарынан бюджетке 12 млн теңге көлемінде қаржы түспеген.

МАРАТ ЕБЖАНОВ, СҚО БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Мемлекеттік қордан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бойынша 8 млн 700 мың теңге сомасында берешек белгіленген. Жекелеген жағдайларда жалға алушылардың берешегі 400 мың теңгеден асады. Мемлекеттік тұрғын үй қорын пайдалану ережелерін бұзу уақытында 242 жалдау шарты жасалмаған.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар