ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 4 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ

20:43, 3 мамыр 2022

Өткен сенбі күні облыс орталығында кезекті қалалық сенбілік өтті. Оған мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері мен шаһар тұрғындары қатысып, қала аумаған күл-қоқыстан тазартты. Тазалық шарасы Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орайластырылған.  

 Қалалықтар өткен аптада қолдарына күрек, тырнауыш, сыпырғы алып, жаппай сенбілікке шықты. Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақ аумағын еңбек,әлеуметтік қолдау және көші-қон департаментінің мамандары тазартты. Жиналғандар жерді тырмалап, қыстан қалған қоқысты жинап, қураған жапырақ пен ақаш бұтақтарын шығарды.

МЕРЕКЕ МҰХАМЕДЬЯРОВ, ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Маңызы- көктемге шыққан кезде бір тазалап алу ғой қаламызды. Тазалық өзіміз үшін қаламыздың. Ұрпақтар барлығы өтіп жатыр. Барлық кісілер көріп жатыр. Олар да міне айтып жатыр алғыстарын. Сондықтан сол тазалық үшін бастысы. Жер кепкенненбері өзіміздің мекеме алдын тазалап алдық. Содан кейін басқа бір көше, сонда өзіміздің көше бар оны да тазаладық. Енді міне мына жерде. Барлық мекемеден 30 шақты адам бар. Соның барлығы шықты.»

 Бұл сенбілік Ұлы Жеңістің 77 жылдыған орайластырылған. Оған қала бойынша 4 мың адам қатысты.

 ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

«400-ден астам мекеме жұмылдырылды. Одан бөлек, қала тұрғындары аулаларында сенбілік ұйымдастырды. Одан бөлек, 19 коммуналдық мекеме жұмылдырылды. Және де 40-тан астам техника сенбілікте жұмыс істеді.»

 Осы сынды сенбілік алдағы уақытта да жалғасады. Билік өкілдері қалалықтарды тазалық шарасына белсенді қатысуға шақырады.

 

Нұрбол Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:35, 30 маусым 2022
ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...