ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЗА ТАПҚАН САРБАЗДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ МИТИНГІСІ ӨТТІ

17:28, 10 қаңтар 2022

Ресми мәліметке сүйенсек, содырлардың қолынан ел бойынша күштік құрылымның 16 азаматы қаза тапты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен батырларға 2-ші және 3-ші дәрежелі «Айбын» ордені мен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі тағайындалды. Олардың екеуі - ұлттық ұланның 18 және 19 жастағы сарбаздары. Бүгін Мадияр мен Айбатты облыс орталығындағы Әскери институт ұжымы мен курсанттары бір минут үнсіздікпен еске алды.

Өмірлері қыршыннан қиылған екі жас. Әскери институттың сарбаздары террористермен қақтығыста көз жұмған қатарластарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Ерлікпен қаза тапқандардың бірі - Қарағанды облысының тумасы Мадияр Қайсаров. Қатардағы жауынгер қаңтардың 5-і Қызылорда қаласында қоғамдық тәртіпті орнатуға аттаныпты. Алайда, шерушілер арасынан шыққан ланкестер жүк көлігін тізгіндеп, сарбаздарды баспақ болған. Дәл осы сәтте 19 жастағы Мадияр қасында тұрған жолдастарын итеріп жіберіп, өзі машина астына түскен.

Оразалы Қайсарұлы, Мадияр Қайсаровтың әкесі:
- "Қатарластарымның бәрі әскерге кетіп барады, мен де барамын. Кейін жоғары оқу орнына түсемін",- деп кетіп еді. Ол инженер-бағдарламашы болғысы келетін. Суретті керемет салатын. Өте ақылды болатын. Халықты ауызбіршілікке шақырамын. Әсіресе, жастарымыз бұзақылыққа бармасын. Ұлым қоғам тыныштығы жолында, елі үшін құрбан болды. Көңіліме медеу сол.


Қарағанды облысының тумасы Айбат Аманов та ерлігімен елдің есінде мәңгі қалмақ. Небәрі 18 жасында Ұлттық Ұланның курсанты Отанын қорғау кезінде жан тапсырды. Жауынгер Талдықорғандағы шеру кезінде бүлікшілер мен мародерларға қасқая қарсы тұрған. Алайда, баскесерлер сарбазды жабыла соққыға жыққан көрінеді.

Бауыржан Әбжанов, ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы:
- Қос жауынгер өздерінің өмірлерін қатерге тігіп, басбұзарларға қарсы тұрды. Өздеріне жүктелген міндетті өмірлерінің соңына дейін атқарды. Біз Отан үшін күресте қаза тапқан әрбір жанның отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз. Бұл - барша қазақстандықтар үшін орны толмас қайғы.


Әскери және қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Президент жарлығымен қос батырға ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені тағайындалды.

 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар