ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

«ҚАЗАҚ БІЛІМ ОРДАСЫ» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА

13:09, 5 наурыз 2021

Көктеммен бірге әйелдер мерекесі  де келіп жетті. Осыған орай  барлық ұйымдар мен мекемелерде салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр. Петропавлдағы «Қазақ білім ордасы» орталығының кішкентай тәрбиеленушілері де өз аналары үшін мерекелік концерт ұйымдастырды. Сюжетке назар аударайық.

1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемде халықаралық әйелдер күні тойлана бастады. Бүгінгі күні бұл мейрам нәзік жандылардың ғана емес, баршаның асыға күтетін мерекесі десек артық болмас. Себебі, халықаралық әйелдер күні, ардақты аналарымыз, әжелерімізге, апа-сіңлілерімізге құрметімізді көрсетіп, оларға сыйлық жасауға тамаша мүмкіндік. Петропавл қаласының «Қазақ білім» орталығының  тәрбиеленушілері аналарға арналған кішігірім мерекелік концерт ұйымдастырды.

ЖОМАРТ БЕЙСЕН, «ҚАЗАҚ БІЛІМ ОРДАСЫ»  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

АИДА БОЛАТҚЫЗЫ, «ҚАЗАҚ БІЛІМ ОРДАСЫ»  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- «8-ші наурыз қарсаңына, халықаралық әйелдер мерекесіне орай, үлкен іс-шара өткізіліп жатыр. Осы іс-шараға байланысты біздің оқушыларымыз, шәкірттеріміз дайындық үстінде болды. Барша солтүстік қазақстандықтарды келе жатқан 8-ші наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтай отыра, отбасыңызға бақыт, береке, молшылық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыш тыныш болсын.»

Білім ордасының 0-сынып оқушылары аналарына арнап ашық хаттар жасап, іс шара барысында сыйға тартты. Ән айтып, түрлі қойылымдармен жиналған қауымды тәнті етті. Ер балалар сыныптас кішкентай ханшайымдарды да ұмытпады. Ал, ата-аналар өз кезегінде білім ордасына мерекелік көңіл күй үшін ризашылығын білдірді.

РИЗАГҮЛ ЫСҚАҚОВА:

- «Бүгін «Қазақ білім ордасында» 8-ші наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік өтіп жатыр. Қазақ білім ордасының әкімшілігіне көптен көп рахмет айтамыз. Бізге сондай бір жақсы көңіл күй сыйлады. Және айтып кетейін дегенім, 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен барлық Қазақстанның ханымдар қауымын шын жүректен құттықтаймын. Тілейтінім зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, Қазақстанымыз көркее берсін.»

 Айта кеткен жөн, 8-наурыз қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік шара барлық санитарлық нормаларға сай өткізілді. 

Индира АХАТҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
13:01, 19 сәуір 2021
АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...
ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...