Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкіметке қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді. Соның бірі "Қазақстан халқына" қорын құру. Қор ашылды, көптеген ұйымдар оған біркүндік еңбекақыларын аударып жатыр. Ал бұл қоғамдық әлеуметтік қорды Болат Жәмішев басқарады.
Төтенше жағдай режимінде зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету, балалар үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру, міндетін өтеу барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларын қолдау, Денсаулық сақтау саласын жақсарту - бұнын барлығы қор жұмысының негізгі бағыттары. Оған халықаралық қайырымдылық қорлары мен ірі бизнесмендер демеушілік етуі тиіс.
БАҚЫТЖАН САМИЕВА, «СҚО ӘЙЕЛДЕР КҮШТЕРІ АЛЬЯНСЫ» ЗТБ ТӨРАҒАСЫ: