ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ

17:19, 22 маусым 2022

23 – маусым Қазақстан полициясы күні. Мереке қарсаңында  қылмыстық атқару жүйесі департаменті сала үздіктерін марапаттады. Салтанатты іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қылмыстық-атқару жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін және Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрінің, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару  жүйесі комитеті төрағасының; СҚО әкімінің; СҚО бойынша ҚАЖД бастығының атынан 80-ге жуық адам марапатталды.

23 – маусым Қазақстан полициясы күні. Сондай ақ биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 - жыл. Мереке қарсаңында облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты кеш өтті. Іс-шара басында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов сөз сөйлеп, кәсіби мерекемен құттықтады.

РУСТАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД БАСТЫҒЫ:

 - «Төзімділік, қырағылық, қарапайымдылық деген ұғымдарды бойына сіңіріп қызметтің қиындығына қарамастан анттарына адал болған ерлердің ерліктерін ұлықтау күні.»

 Өз сөзінен кейін Рустан Серікұлы сала үздіктерін, ардагерлерді және  қылмыстық-атқару жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін басқа саланың мамандарын марапаттады. 14 қызметкерге орта және аға басшы құрамының арнайы атақтары берілді. Солардың бірі Евгений Зель. Ол 18 жыл бойы пробация саласында қызмет етіп жүрген,  тәжірибелі маманы. Бүгін ол әділет подполковнигі атағын алды.

 ЕВГЕНИЙ ЗЕЛЬ , СҚО БОЙЫНША ҚАЖД ПҚБЖБ БАС МАМАНЫ:

 - «Еңбегімізді елеп жатқан Рүстан Серікұлы бастаған басшылыққа үлкен алғысымды білдіремін. Мен қызмет етіп жүрген  18 жыл ішінде пробация қызметі талай өзгерістерді бастан өткерді. Соңғы уақыттары толықтай цифрландыру жүйесіне көшудеміз. Жалпы алда атқарылар жұмыс жетерлік.»

Төл мереке қарсаңында марапатқа ие болғандардың бірі  «164-9» мекемесі бастығының орынбасары Дархан Қабденов. Ол бүгін Қазақстан полициясына 30 жыл мерейтойлық медалімен марапатталды. Дархан Бауыржанұлы  қылмыстық атқару жүйесі саласын таңдағанына өкінген емес.

 ДАРХАН ҚАБДЕНОВ, «ЕС 164-9» МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - «Қылмыстық атқару жүйесінде 2005 жылдан бері еңбек етемін. Қызметім өзіме ұнайды. Осы салада одан әрмен табысты жұмысымды жалғастырам деген ойдамын. Осы саланы таңдаймын дейтін жастарға айтар кеңесі еңбекқорлық және шыдамдылық қажет дер едім.»

Бүгін қызметтік міндеттерін адал атқарғаны , үшін және Қазақстан полициясының 30жылдығын мерекелеуге байланысты ІІ министрлігінің , облыс әкімінің және ҚАЖД бастығының алғыс хаттарымен жалпы 80-ге жуық адам марапатталды.

Әміре Ақбатай

Тақырып бойынша материалдар

БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
20:42, 4 шілде 2022
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...