ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ

20:33, 23 маусым 2022

23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Отыз жыл бұрын осы күні ішкі істер органдары туралы заң қабылданды. Тәртіп сақшыларының кәсіби мерекелеріне орай Жастар сарайында салтанатты іс-шара өтті. Полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, жиырмаға жуық маман марапатталды, кезекті шендерін алды.

 Өз өмірін өзгелер үшін қауіп-қатерге тігіп, қоғам тыныштығы үшін бел шешпей еңбек  етіп жүрген тәртіп сақшылары қандай құрметке болсын лайық.  Бұл күні ішкі істер сапындағы полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, табысты жұмысымен көзге түскендер марапатталды. Өңір полицейлерін облыс әкімі атынан оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов құттықтады.

 МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

 - Облыс әкімі Құмар Іргебайұлының атынан шын жүректен құттықтаймын. Сіздер тұрақтылықты сақтау, қоғамдық тәртіпті бақылау, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету міндетін абыроймен атқарып келесіздер.

 облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов да жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан полициясы сервистік модельге көшу реформасын бастан өткеріп жатыр. Учаскелік полиция инспекторының жаңа бейнесін қалыптастыру бағытында кешенді шаралар қолға алынған. Бұл күні сала ардагерлері де ұмыт қалмады.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Құрметті Ішкі істер органдарының ардагерлері, әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекеміз, ҚР Полициясының 30 жылдығымен шын жүректен құттыұқтаймын. Қоғамдық тәртіпті сақату, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әрдайым антқа адал болып, ел қорғаймын деегн атаққа лайықты қызмет ете беріңіздер. Елімізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Мерекеміз құтты болсын.

 Макпал Жәменова облыстық полиция департаменті кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы. Ішкі істер органдарында қызмет етіп жүргеніне 17 жыл. Бүгін Мақпал Махметқызы облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

МАҚПАЛ ЖӘМЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

-  2005 жылы Ішкі істер органдарына жұмыс істеймін деп, өзімнің бала кезгі арманымме.келдім. Осы 17 жыл ішінде қызметтің қызығын да, шыжығында, бәрін көрдік. Әріптестерімді осы күнгі мерейтойменен құттықтаймын. СҚО әкімінің құрмет грамотасымен марапаттауына құрмет жасағанына соған алғыс білдіремін. Менің еңбегімді елеп, осы марапатқа  ие екенімді.

Қазақстан полициясы күніне орай облыстың жиырмаға жуық тәртіп сақшысы марапатқа ие болды. Ал 4 офицер кезекті шендерін алды.

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...