Қазына қаражысын жұмсауда бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Олар қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында айтылды. Онда 2021 жылғы бюджеттің орындалуы сөз болған еді.
Әкімдік мамандары жіберген олқылықтардың басым бөлігі тұрғын үй саласына қатысты. Оларды облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Марат Ебжанов жіпке тізді. Оның айтуынша, құрылысы аяқталған үйлердегі пәтерлерді сатудан алынатын қаражаттың тек 84 пайызы ғана түскен. Яғни, жоспар орындалмаған. Оған көп жағдайда баспаналардың уақытылы қолданысқа берілмеуі себеп. Тағы жүргізілген аудиторлық тексеріс барысында бірқатар былықтардың беті ашылды.
МАРАТ ЕБЖАНОВ, СҚО БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы мен бюджет қаражаты есебінен дайындалатын жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуде қателіктер кеткен. Нәтижесінде 379 млн теңгенің заңбұзушылығы анықталды. Оның 240 млн теңгесі қаржылық бұзушылықтар. Тағы 139 млн теңге мемлекет қаржысы тиімді пайдаланылмаған. Және 22 процедуралық олқылқтар анықталды.