Бүгіннен бастап Halyk Bank толыққанды жұмысын бастады. Тек, Алматы, Алматы облысы, Талдықорған және Жаңаөзен қалаларында әзірге банк қызметі тоқтап тұр. Жұмыс істеп тұрған бөлімшелерде Банк заңды және жеке тұлғаларға қызметтердің барлық спектрін ұсынады.
Сонымен қатар, бүгіннен бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысы қайта жанданғанын хабарлады. Өңірдің барлық ХҚКО-лары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-дан 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындауға бағдарланғандықтан, өңірдің мамандандырылған ХҚКО-лары жұмыс істемейді .