ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

КӘСІБИ МАМАНДАРДАН КЕҢЕС

20:47, 17 қыркүйек 2021

Пандемиямен күресетін азаматтық штаб өкілдері өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Солтүстік Қазақстан облысында вакцинациялау, екпе алмаған адамдарды жұқтыру қаупі» тақырыбында БАҚ өкілдерімен онлайн кездесуге қатысты.

Тәуелсіз белсенділердің басты міндеті ковид-19 вирусына қарсы екпе туралы жалған ақпаратпен күрес, орынды контент құру. Азаматтық штаб өкілдерінің арасында - санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкерлері де бар.  

ЕРЖАН БАЙТАНАЕВ, ҚР САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Қазіргі уақытта осы қиын уақыттан шығатын бірден-бір жол ол вакцина алу. Коронавирус инфекциясынан қорғануымызк ерекпіз. Өткен тәулікте 3 343 қазақстандық ауру жұқтырды. Оның 98 пайызы вакцина алмаған. 

Өз кезегінде журналистер вакцинациялаудың қарқыны мен екпе алғаннан кейін вирус жұқтырғандарға қатысты сұрақтарын қойды. Солардың бірі  - зиянды аурудың барлық штамдарына арналған әмбебап вакцинаның қашан жасалатындығы.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері де өз сауалдарын жолдай алды. Нақтырақ айтсақ, ұсыныстарын айтты.  Неліктен сатып алушыларға санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін айыппұл салмасқа дейді кәсіпкерлер. Себебі әкімшілік жазаны көбіне дүкен иелері тартады екен. Штабтың құрамына  барлығы 200-ден астам жоғары кәсіби маман кіргенін атап өткен жөн. Олардың әрқайсысы өз білімін, кәсіби тәжірибесін және өзге де ресурстарды қолдана отырып, антиваксерлермен күрес жүргізуге және халықты індеттен аман алып шығуға дайын.  

 

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕДІ
17:18, 28 қазан 2021
КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕ...
Толығырақ...
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
13:02, 28 қазан 2021
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...