ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР

17:20, 27 қаңтар 2022

Петропавлдық кәсіпкер орындаған жұмысы үшін тиісті өтемақыны ала алмай отыр. 2020 жылы наурызда оның жұмысшылары реновация бағдарламасы бойынша жеке сектордағы 63 үйді бұзды.

Бизнес субъектісі өкілдерінің айтуынша, тапсырысты қалалық ТКШ бөлімі бергенімен, келісімшарт Тазарту және су бұру және өткізу  құрылыстары  мекемесі арқылы жасалынған.  Жоспар бойынша нысанда механикаландырылған тазарту жұмыстары жүргізіледі. Алайда екінші тараптан жұмысты қабылдап алу туралы актіге қол қойылмаған. Қаржы жетіспеушілігін алға тартып, төлемді 2021 жылға шегерген. Дегенмен әлі күнге дейін компания уәделі 19 млн теңгені ала алмай жүр.

ИНЕССА ҚУАНОВА, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

- Шарт бойынша бұзылған әрбір үйді растау үшін нысанның бұрынғы  және кейінгі күйін бейнежазба және фото арқылы көрсету қажет болған. Ал енді төлем алуға өтініш білдірген кезде, 2020 жылға арналған келісімшарттың жоқтығын және әр объект бойынша фото және бейнежазбаның болмауын алға атрқан.  Тіпті олар бұл тізімдегі 63 үйдің қайдан шыққанын да білмейтіндігін айтқан.  Бүгін біз бұл тізімді кәсіпкерге ТКШ қызметкері тапсырғанын анықтадық. Яғни, бұл шарттық қатынастардың дұрыс ресімделмеуі.

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...