ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР НЕСИЕ ТӨЛЕМДЕРІН 31 ҚАҢТАРҒА ДЕЙІН КЕЙІНГЕ ШЕГЕРЕ АЛАДЫ

17:22, 14 қаңтар 2022

Микро, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап келісімшарт негізінде несие төлемдерін кейінге шегере алады.  Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік 5 қаңтарда төтенше жағдай енгізілуінен зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге шегеру тәртібін әзірлеп, бұйрықпен бекітті. Бұл тәртіп екінші деңгейдегі банктерге, микроқаржы ұйымдарына, соның ішінде ломбардтар және кредиттік серіктестіктерге қолданылады.

Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлердің өтінімдерін қарарда олардың қаржы жағдайының нашарлауын немесе келтірілген залалды растайтын фактілерге назар аударады. Шешім кәсіпкер пайдасына шешілген жағдайда берілген шегерімге сәйкес несие төлеудің жаңа кестесі құрылады. Нәтижесінде өсімпұл мен айыппұл есептелмей несие және пайыздар бойынша негізгі борышты толық көлемде төлеуге болады;- оң несие тарихы сақталады;- төлемдерді кейінге шегеруді бергені үшін комиссия болмайды. Несие төлемдерін кейінге шегергісі келетін кәсіпкерлер қызмет көрсеткен банк немесе микроқаржы ұйымына 31 қаңтарға дейін өтінім беру қажет.

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
20:44, 24 қаңтар 2022
АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
Толығырақ...
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
17:21, 24 қаңтар 2022
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...