ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

КІРПІШ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

20:36, 24 мамыр 2022

Қызылжар ауданы, Подгорное ауылының жанында кірпіш зауыты іске қосылды. 2020-шы жылы құрылысы басталған кәсіпорын айына 4,5 млн кірпіш шығаруға қауқарлы. 160-қа жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін өндіріс орнына облыс әкімі Құмар Ақсақалов барып қайтты.

Бүгінгі күні өңірде құрылыс жұмыстары қарқын алды. Алайда компаниялар құрылысқа қажет материалдың кей түрін шеттен тасымалдауға  мәжбүр. Мұнымен қоса, соңғы 1 жылда пандемияға байланысты көптеген құрылыс материалдарының бағасы 80%-ға қымбаттады. Сол себепті құны 1,8 млрд теңгені құрайтын кірпіш зауытының іске қосылуы бұл мәселені шешуге аз да болсын сеп. Қазіргі уақытта кәсіпорында 1 желі жұмыс істейді.Айына 4,5 млн кірпіш шығарылады. Оның барлығы да жергілікті құрылыс компанияларына 100-110 теңгеден сатылмақ.

ГАРИК БЕРНЕЦЯН, «КИРПИЧ СК» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- Кірпіштің 2 түрін шығарамыз. Өндірісте қолданатын шикізат яғни балшықты жергілікті өндірушілерден сатып аламыз. Бұл қоспаға көмір қосамыз. Қазіргі таңда біздің басты мақсатымыз өзіміздің құрылысшыларымызды қамтамасыз ету. Одан қалғанын басқа облыстарға сатамыз.

Бастапқыда кәсіпорын 80 адамды жұмыспен қамтымақ. Кейін кірпішке сұраныс артып жатса екінші желіні іске қосып, тағы 80 маманды жұмысқа алмақ. Осылайша шығарылатын құрылыс материалының көлемі 9 млнға дейін артады.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз өзіміздің алдымызға қойған мақсаттардың бірі обылста жұмыс істеп жатқан құрылыс компанияларына өзіміздің облыста шығарған құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету болған еді. Инвесторларды іздедік. 2 жыл бұрын инвестор таптық. Оған мемлекет тарапынан қолдау көрсеттік. 800 млн теңге көлемінде жеңілдетілген неисе берілді. Мінекей бүгін нәтижесін көріп отырсыздар. Кірпіш зауыты іске қосылды.   

Зауыттағы қондырғылардың барлығы да Еуропалық стандарттарға сай. Өндіріс көлемін арттыру үшін жақында қосымша желілерді іске қосу көзделген.

 

Майгүл Сейілбек  

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...