ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ 6 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

20:37, 4 мамыр 2021

Саяжай және қала маңындағы автобус маршруттарын әлеуметтік маңызы бар деп тану, мектептер мен оқу орындарындағы балалар қылмысының алдын алу. Осы және басқа да мәселелер қалалық қоғамдық кеңес отырысында талқыға түсті.

Қазіргі таңда облыс орталығының тұрғындары саяжай қоғамдастықтарына 13 және қала маңындағы елдімекендерге 9 автобус бағытымен жете алады. Алайда бұл бағыттар жұмсалған шығынды өтемейді. Тасымалдаушылар жылына 6 миллион теңгеге  жуық қаржы тапса, оның өзі жанар-жағармай, техникалық байқауға, жөндеу жұмыстарына жетпейді екен. Сол себепті қоғамдық кеңес отырысында оларға қолдау көрсету мақсатында субсидия төленетін болды. 22 автобус БАҒЫТЫ әлеуметтік маңызы бар деп танылды.

БАҚЫТ ІЛИЯСОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өкінішке орай Петропавл-Боровское, Петропавл-Архангельское  бағытында жүретін автобустар шығынға батып, өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл елді-мекендерде 400-ден астам адам тұрады.  Мұндай жағдайды болашақта болдырмау мақсатында біз саяжай маусымында яғни мамыр айынан қыркүйек айлары аралығында бұл тасымалдаушыларға субсидия төлеуміз қажет деп есептейміз.

Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселеге маусым айында қайта оралАТЫН БОЛЫП шешті. Мұнымен қоса, жиын барысында жаз мезгілінде оқушылардың  демалысын ұйымдастыру талқыланды. 2017 жылы «Номад Трэвал» ЖШСне сенімгерлік басқаруға «Аққайың» және «Достық» лагерьлері өтті. 5 жыл өтісімен бұл серіктестік екі демалыс орнын толығымен сатып алуға құқылы. Осы уақыт аралығында «Номад Трэвал» лагерьлерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген.

ДИНАРА РАҚЫШЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Қазіргі таңда 5 сауықтыру маусымы белгіленді. Әрине, олардың қалай өтетіні елдегі жағдайға байланысты. Егерде өңіріміз жасыл аймақта болса, әрине балақайларымыздың барлығы да тиісті түрде демалады деген жоспар бар. Лагерьлердің барлығында да бүгінгі күні қызу дайындық жүріп жатыр. Яғни кішігірім жөндеу және тазарту жұмыстары.

Мамандардың сөзінше өңір жасыл аймақта қалса бірінші сауықтыру кезеңі маусым айында басталмақ. Бұдан бөлек отырыста балалар қылмысының алдын алу және жастарды әскер қатарына даярлау туралы мәселелер қаралды.

Майгүл Сейілбек

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...