ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ НЫСАНДАР МҮГЕДЕК ЖАНДАРҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОЛЖЕТІМДІ?

20:42, 13 қазан 2021

Қоғамдық нысандардың мүгедек арбамен жүретін тұрғындарға  қолжетімділігі бүгін Нұр Отан партиясында өткен Қоғамдық кеңесте қаралды.   Алдағы 5 жылда  Nur Otan партиясының сайлау алды жоспарының орындалуы аясында  өңірдің 1295 нысанын мүгедектерге  бейімдеу жоспарланған.  

Мүгедектігі бар тұрғындарға білім, денсаудық сақтау, мәдениет, спорт, кәсіпкерлік нысандар мен  қоғамдық көлікті барынша қолжетімді ету мәселесі қашан да өзекті.  Нұр отан партиясының сайлауалды жоспарында бұл назардан тыс қалмады.  Биылдың өзінде жоспарланған 1295 нысанның 259-ын бейімдеу қолға алынады.

МАРИНА МАРКОВА, СҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР  БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

- 2021  жылы  17 мемлекеттік қызмет көрсету нысанды,   36 – мемлекеттік мекеме, 60 – білім беру, 38 –денсаулық сақтау,  18  мәдениет,  4 спорт,  7 көлік инфроқұрылымын және 79 түрлі салада қызмет көрсететін нысанды мүгедектердің кедергісіз кіріп шығуына бейімдеу жоспарланған.  Әлеуметтік маңызы бар обьектілердің бейімдеу талаптарына сәйкестігін  мемлекеттік органдардың және Нұр отан партиясының өкілдері кіретін мониторинг топтары қадағалайды. Тексеріс барысында анықталған олқылықтар бойынша шаралар қолданылады.

Қала бойынша  биыл 102 нысанды бейімдеу қажет. Алайда  9 айдың ішінде жоспардың тек 5 проценті орындалды. 

ЮЛИЯ БІРЖАНОВА, ПЕТРОПАВЛ  ҚАЛАСЫНЫҢ  ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР  БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 9 айдың ішінде  102 нысанның тең  5-еуі ғана   толық  бейімделді.  Бөлім мамандары  обьектілердің жетекшілеріне үнемі  хат жолдап,  кіреберістерін талаптарға сай ету керектігін ескерткенімен, мониторинг тобы бірнеше мәрте тексеріс жүргізіп ұсыныс жасағанымен, талаптардың орындалуы өте төмен деңгейде. 

Кеңес мүшелері  онлайн байланысқа шыққан аудан  әкімдіктерінің қызметкерлерін тыңдап, жоспардың орындалуын  сұрады. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...