Облыста көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл өңір аграрийлері 4,3 млн гектар алқапқа егін екпек. Оның 1 миллион гектары майлы болса, қалғаны дәнді дақылдар. Бүгінде дән себу жұмыстары 50%-ке орындалған.
Осы жылы солтүстікқазақстандық диқандар жерді 170 мың тонна минералды тыңайтқыштармен өңдемек. Бұл – дақылдардың шығымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сала мамандарының айтуынша, облыста жауын-шашын аз болғандықтан танаптағы ылғал жеткіліксіз. Сондықтан өткен жылғы қуаңшылық қайталануы мүмкін. Қазіргі таңда диқандар қолайлы ауа райын пайдаланып, тәулік бойы тынбай еңбек етіп жатыр.
МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- «Жанармай 100 % бар. 71 мың тонна болады. Төменгі бағасымен берілген. Техника бәрі 100 % көктем жұмысында жасап жатыр жұмыстарын. Қазір көріп отырсыздар жаңбыр шамалырырақ болып тұр. Әрбір ауданда жердің влагасы дефицит. Көбінесе жаңбыр Қызылжар, Мамлют, Есіл және Аққайың аудандарында жаңбыр көп болып тұр. Құрғақшылық Тимирязев, Ақжар және Уәлиханов аудандарында. Қазір топырақта ылғалы азырақ.
Нұрбол Балғабеков